Ұзақ мерзімді әріптестікке жол
ҚазҰУ басшылығы Бейжің қаласындағы Білім бойынша муниципальді комитет өкілдерімен жоғары білім беру саласындағы интернационалдыру мәселелері мен әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін талқылады.
ҚазҰУ Қытай Халық Республикасының университетерімен екіжақты қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, Ланьчжоу университеті, Сиань инженерлік университеті, Бейжің технологиялық университеті, Бейжің экономика және бизнес университеті, Бейжің шетел тілдері университеті, Шанхай университеті, Гонконг политехникалық университеті сияқты басқа да 28 университеттермен оң жақты әріптестік жүргізуде.
ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Қытайдағы білім және ғылым саласындағы серіктестік аясында барлық қажетті жағдайлар жасалуда деп атап өтті.
Студенттер және оқытушылармен алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, профессорларды шақыру, PhD докторанттарына арналған кең ауқымды бағыттарын академиялық ынтымақтастық қамтиды. Шығыстану факультетінде қызметкерлерді оқыту Қытайтану кафедрасында жүзеге асырылады. Қытай тіліндегі қызметкерлерді даярлауда Қазақстан бойынша Қазақ ұлттық университетіндегі Конфуций институты үздік болып табылады. ҚазҰУ-да 1000 шетел студенті, онын ішінде ҚХР-нан 200 студент Шығыстану және халықаралық қатынастар, дайындық және филология факультеттерінде оқиды.
Сенімді қадамдар мен көпжақты әріптестіктің арқасында Бейжің шетел тілдері университетінде қазақ тілі кафедрасы ашылып, мұндағы шетел тілдері қатарында 73-ші болып қазақ тілі енгізілді.
«Интернационалды бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, Бейжің қаласының 89 жоғары оқу орындары әлемдегі жетекші университеттер арасында қарым-қатынасын нығайту мен халықаралық ынтымақтастық форматын кеңейтуге ұмтылуда. Соның ішінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен осы бағдарлама арқылы Қытай мен Қазақстан арасындағы жоғары оқу орындарын дамытуға мүмкіндік береді»,-дейді Пекин қаласының білім комитетінің басшысы Сянь Ляньпин.
«Білім беру жүйесінде интернационализациялау бағдарламасы академиялық мобильді және экспорттық қызмет бойынша білім алып жатқан студенттердің санын арттыруға мүмкіндік береді»,-дейді өз сөзінде Пекин қаласының Жоғары білім беру бөлімінің бастығы Шао Вэньцзе.
Қытай халық республикасы Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып саналады. Ал «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚХР университетімен белсенді ынтымақтастықта іс жүргізуде.
Баспасөз қызметі
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ
8(727) 377 3148/49
www. kaznu.kz
Фотолар авторы: Жүнісбеков Марат