ҚР БҰҰ-да Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі

29 маусым, 2016

Қазақстанның БҰҰ-да Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы – біздің мемлекетіміздің халықаралық аренадағы абыройының жарқын көрінісі

БҰҰ-да Қазақстан үшін аса маңызды тарихи оқиға болды: біздің еліміз орталық Азия мемлекеттері қатарынан алғашқы болып БҰҰ-нің Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Азиаттық-Тынық мұхиттық мемлекеттердің ішінен Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Бұл шешім Жаһандық күн тәртібіне және 2015 жылы қабылданған БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына жетуді Ұлт көшбасшысы, Қазақстанның президенті Н.Ә. Назарбаев бастап отырған мемлекеттің белсенділігін заңды мойындау.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүшеден тұратыны бәрімізге белгілі. Ұлыбритания және Франция, Ресей, АҚШ, Қытай тұрақты және екі жылға сайланатын 10 тұрақсыз қатысушы елден тұрады. Жыл сайын он тұрақты емес қатысушы елдің бесеуі ауысып отырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұжымы шын жүректен мемлекетіміздің Президентін және барлық қазақстандықтарды заманалық оқиғамен құттықтайды. Біздің университеттің, президентіміздің бастамаларын қолдау қызметі мемлекетіміздің алға тартуының бөлігі болды және Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықта БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты емес қатысушы елдің құрамына кіруіне өз септігін тигізді деген ойдамыз.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық және халықаралық бағдарламалық іс-қағаздарды және президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларын, әсіресе мемлекетіміздің энергетика, экономика, экология және тұрақты даму саласында даму басымдылықтары айқындалған «Жасыл көпір» және «Стратегия - 2050» қолдауда және іске асыруда маңызды жол жүріп өтті. ҚазҰУ жасыл даму мен Қазақстанды халықаралық, экономикалық және білім кеңістігіне енгізу стратегиясы бойынша ұлттық бағдарламаларды іске асыруда белсенді жұмыс атқарды.

Біздің университеттің Қазақстанның бастамаларын қолдауы БҰҰ РИО+20 Конференциясында қатысуынан көруге болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұрынғы кеңес одағының кеңістігіндегі мемлекеттердің арасындағы біздің Президентіміздің «Энергоэкологиялық дамудың жаһандық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын қолдауға арналған жаһандық Конференция аясында сайт-ивент өткізген алғашқы ЖОО болғандығын ерекше атап өту керек.

БҰҰ бас хатшысы, біздің университеттің құрметті профессоры Пан Ги Мун, бүгін әлем алдында азық-түлік тапшылығы және таза су, қоршаған ортаның ластануы мен қалалардың шамадан тыс өсуі, парниктік газдардың өсуі мен климаттың өзгеруі әсерінен өсуі, өңірлік қақтығыстар мәселелері бар деп атап айтты. Бұл ой БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша РИО+20: «Біз қалайтын болашақ» мемлекеттердің «жасыл» экономика негізінде тұрақты дамуға өту концепциясына негізделген Конференциясының резолюциясында орын алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық және Мыңжылдық мақсаттарында көрсетілген тұрақты даму басымдықтарына біртіндеп көшуін жалғастыруда.

Бірнеше жыл бойы ҚазҰУ өркениеттер, мәдениеттер мен халықтар арасындағы диалог үшін жағдай жасау бойынша БҰҰ мен ЮНЕСКО бастамалары мен қағидаларын ілгерілету үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 2014 жылдан бастап, университет тұрақты даму бойынша БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының Ғаламдық Хабы болып табылады.

Тұрақты даму Біріккен Ұлттар қағидаларын ілгерілетуін ҚазҰУ-да ЮНЕСКО-ның өңірлік білім беру саясатының неғұрлым тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін және аймақтың тұрақты дамуы үшін Орталық Азиядағы экологиялық білімді, тәрбиені қамтамасыз ету, интеграцияланған оқыту жүйесі және тұрақты даму саласында ғылыми зерттеуді нығайтуға бағытталған Халықаралық тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ашылуы көрсетеді.

ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамының әлемдегі жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының ғалымдарының жемісті ынтымақтастығы Орталық Азия аймағындағы жоғары оқу орындарының желісін дамытуға және оның негізінде ЮНЕСКО-UNITWIN бағдарламасы аясында тұрақты даму үшін оның Өңірлік ХАБ құруға ықпал ететін болады.

Осы бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру тұрақты даму саласындағы елдің даму әлеуеті мен аймақты қолдауға бағытталған бастамаларды қолдауға жаңа серпін береді, жаһандық проблемаларды шешудің халықаралық үрдісінде ең маңызды қайраткерлерінің бірі ретінде Қазақстанның рөлін нығайтуға көмектеседі, сонымен қатар мемлекет пен жергілікті аймақтардың игілігі үшін ЮНЕСКО-ның әлеуетін барынша пайдалану болып табылады. Атап айтқанда, бұл - тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика және қайта қалпына келетін энергетика үшін инновациялық технологиялар трансфері бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асыру және қолдау және т.б. болып табылады.

Әрі қарай БҰҰ-ның ХАБы тұрғысынан университеттің халықаралық инновациялық қызметі біздің университеттің ғылыми және академиялық қоғамдастықтың әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның стратегиялық жоспарларын және адамзаттың жаһандық мақсаттарын (БҰҰ мақсаты) іске асыру үшін лайықты үлес қосады.

Қазақстанның БҰҰ-да Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып тағайындалуы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығымен пара-пар келуі қуантады.

 

География және табиғатты пайдалану факультеті

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы