Биология мұражайы коллекциясының каталогы шығарылды

27 ақпан, 2020

ҚазҰУ-да биология музейінің директоры Қылышбай Мұсабековтың «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биологиялық мұражайының омыртқалы жануарлар топтамасының каталогы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Үш тілде шыққан басылым мұражайдың бірегей коллекциялық қорын жүйелендіру бойынша көпжылдық жұмыстың нәтижесін қамтиды.

Шараға биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі, ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің деканы Болат Қазыханович Заядан, белгілі ғалымдар, оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Биология және биотехнология факультетінің деканы Болат Қазыханович Заядан кітап авторын осындай айтулы оқиғамен құттықтап, басылымның жоғары ғылыми және мәдени құндылығын атап өтті.

Өз сөзінде каталог авторы, биология мұражайының директоры, б.ғ.к., Қылышбай Сатімбекұлы қонақтарға алғысын білдіріп, кітапта қызметкерлердің көп жылдық ұжымдық еңбегі көрсетілгенін атап өтті.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биологиялық мұражайының омыртқалы жануарлар топтамасының каталогы» - бүгінгі таңда мұражайдың коллекциялық қорының жағдайы туралы жинақталған толық анықтама құралы. Басылым биологиялық мұражайдың тарихы мен оның қызметкерлеріне арналған бөлімдерден, демонстрациялық залдың, сыртқы сөрелердің және бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер, орнитологиялық, оологиялық, остеологиялық тікелей коллекция қорының сипаттамасынан тұрады

ҚазҰУ-дың биологиялық мұражайы 80 жылдан астам уақыт бұрын ашылған. Республиканың жоғары оқу орындарының ішіндегі жануарлар саны 7888 данадан тұратын ең бай зоологиялық коллекциясымен мақтана алады. Оның ішінде 70 отряд, 217 тұқымдас және 866 жануар түрлері бар. Қордың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы зор. Онда сирек кездесетін, жойылып бара жатқан және эндемиялық жануарлардың түрлері, соның ішінде бұрын 70 жылдан астам бұрын мекендеген жерлерінен жоғалып кеткен тұрандық жолбарыстың экспонаттары да бар.

Қылышбай Сатімбекұлының айтуынша, үлкен жасына қарамастан, музей үлкен әлеуетке ие: «Музей бүгінгі таңда оқушылар мен студенттерді, ЖОО-ның магистранттары мен докторанттарын, шетелдік және құрметті қонақтарын қарсы алу. Жалпы одан басқа келушілер қатары көп. Бірақ мен күрделі жөндеуден кейін қазіргі заманғы технологиялар, аудио және бейне визуализация арқылы мұражай екінші жаңа өмір сатысына өтіп, аса маңызды көрікті жерлердің бірі ретінде Алматы картасына енгізіледі деп армандаймын».

www.kaznu.kz