Ректор мәртебелі мейманға университет қызметіне ерекше көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді. Келіссөздер барысында ол Түркия өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстанның егемендігін мойындаған алғашқы ел болғанын атап өтті. Бүгінде екі мемлекет арасында қалыптасқан саяси және экономикалық байланыстар қызметтің барлық салаларына оң әсерін тигізді. Қазақстанда түрік компаниялары мен инвесторлары, соның ішінде ғылыми-білім беру саласында да өз қызметін табысты жүргізуде.
Кездесу барысында ректор Ғалым Мұтанов қонақтарға университеттің қызметі мен жетістіктері, Түркияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық аясында оқытушылар және студенттермен алмасу жүзеге асырылатын халықаралық байланыстар туралы айтып берді. Ғұламаның есімін лайықты иеленіп жүрген университет биылғы жылы шығыс ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің мерейтойлық жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы ретте Түркияның ҚР-дағы жаңа елшісінің ҚазҰУ-ға алғашқы сапары табысқа толы символдық мәнге ие.
Кездесу барысында Ыстамбұлда ашылған Әл-Фараби орталықтары жұмысының аспектілері де талқыланды. Бүгінгі таңда 12 халықаралық орталықтарда әл-Фарабидің ізгілікті және өркениетті қоғам туралы еңбектерінің принциптері мен идеялары насихатталуда, сарапшылар мен ғалымдардың пікірінше, адамгершілік және рухани құндылықтарға қайта мән беру бұл бүкіл адамзат үшін қажет дейді.
Өз кезегінде елші ректорға жылы лебіз танытып, ерекше назар аударғанына алғыс айтты. Ол ҚазҰУ-дың Түркия университеттерімен ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, ғылым мен білім саласындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуге қолдау көрсетуге, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі белсенді дамытуға ықпал етуге дайын екенін білдірді. Кездесу соңында Уфук Экиджи мырзаға ҚазҰУ-дың студент жастарына онлайн-форматта дәріс өткізу ұсынылды.