АУДАРМАШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ БАСТЫ ТҰЛҒА
2021 жылдың 13-наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы және «Мәдениетаралық қарым-қатынас және аударма зерттеулері халықаралық орталығының ұйымдастырған «АУДАРМАШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ БАСТЫ ТҰЛҒА» атты аудармашыларға арналған онлайн ғылыми-оқыту семинары шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен өтті.
Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары аудармашы мамандарды даярлау тек бір жоғары оқу орнының ғана емес, жалпы білім беру жүйесінің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі.
Біздің семинарымыздың мақсаты - барлық деңгейлерде аударманы үйрететін, лингвистика мен аударма ісіне қызығушылық танытатын бүкіл әлемнің зерттеушілерін, аудармашы мамандарын және оқытушыларын бір алаңға жинау болды.
Семинарға ҚР Сыртқы істер министрлігінің аудармашы мамандары, шетелдік және отандық ғалымдар шақырылды.
Негізгі спикерлер:
- Алексеева И.С. ф.ғ.к., профессор, Герцен атындағы Санкт-Петербург жоғары аударма ісі мектебінің директоры (Ресей). Тақырыбы «Сценарийлік тәсіл - дипломатиялық аудармашыны дайындаудағы табысты стратегия»
- Мейрам Ислам, ҚР СІМ аудармашысы, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңестің аудармашысы. Тақырыбы: «Конференц-аудармашының теникалық және жұмыс бабындағы аспектілері. Жеке тәжірибе және ұсыныстар».
- Жулиан Хаус, аудармашы-лингвист, Аударма және мәдениетаралық зерттеулердің халықаралық қауымдастығының (IATIS) экс-директоры, (Германия); Тақырыбы: «Аударма мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде»;
- Гүлшат Бахытжан, ф.ғ.к., Абердин университетінің докторанты (Шотландия) Тақырыбы: «Аударма мамандығы бойынша ғылыми жұмыстың құрылымы, зерттеу тәсілдері»;
- Рафаэль Файзон- аудармашы Пуатье университетінің магистранты (Франция); Тақырыбы: «Алдағы уақытта аударма саласы нарығына жаңа технологияның әсері»;
- Филимонова Светлана -ҚР СІМ испан тілінің аудармашысы және Нәрікбаев атындағы KazGUU; Тақырыбы: «Орыс-испан тілдерінің тіркесіндегі ауызша аударманың ерекшеліктері. Испан тілін оқудың және аудармашы деңгейіне көтерілудің жеке тәжірибесімен бөлісу»;
- Умекова Назира, әл-Фараби атындағы азҰУ оқытушысы, ҚР СІМ экс- француз тілі аудармашысы. Тақырыбы: «ҚР Сыртқы істер министрлігі: ауызша аударманың этикасы мен протоколы. Аудармашының орны мен рөлі. Аудармашының моральдық кодексі. Қателесу кезіндегі аудармашының мінез –құлқы».
Сөз сөйлеушілер өздерінің баяндамаларын лингвистика, мәдениетаралық қарым-қатынас және аударма саласындағы ғылыми зерттеулерін ортаға салды. Семинар барлық қатысушылардың қызығушылығын оятып, әртүрлі сұрақтар қойылып, қызу талқыға салды. Аталған семинардың барлығымыз үшін пайдалы болғаны сөзсіз.