Әдеби байланыстар және көркем аударма

4 қараша, 2021

2021 жылдың 29 қазан күні шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында «Әдеби байланыстар және көркем аударма» атты мерекелік әдеби-танымдық іс-шара өтті, іс-шара орыс тіліне аударған шығыстанушы ғалым Махмұд Қашқаридің «Диуан лугат ат Турк», аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, ұлы қазақ жазушысының, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың немересі Зифа-Алуа Мұратқызы Әуезованың келуімен басталды. Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әл-Фараби кітапханасында өтті.


Іс-шараны шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., профессор м.а. Л.Ж. Мұсалы, аға оқытушы Р.А. Төреханова, оқытушы Е.А. Моругова, қазақ тіл білімі кафедрасы және «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты көрнекті ғалымдармен танысу, көркем аударма мәселелерін талқылау, көркем шығармаларды талдау болды.

Осы іс-шараның жүргізушілері «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенттері Курманалиев Тимур, Туленбаева Мөлдір және Ермекқызы Айнұр болды, олар әдеби кездесуді қазақ және орыс тілдерінде өткізді.

«Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенттері Нұрмұханбет Ақерке мен Шәкірбек Аружан З.А. Әуезованың жетістіктері мен жұмыстары туралы ақпараттық таныстыру жасап өтті.

Есет Ғанибет домбырада ойнап, Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» әнін орындады, Данагүл «Бар махаббат» өлеңін оқыды, Абайдың Қара сөздері «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс магистранты Балжан Қамызанованың орындауында ұсынылды.

Қорытынды сөзді қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Анар Салқынбай, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі PhD Аймагамбетова Малика Муратовна, филология ғылымдарының кандидаты Мұсалы Ләйлә Жұматайқызы айтты.

Басқа жаңалықтар