- Басты бет
- Жаңалықтар
- 06.12.2022 ж. Ресейден келген профессор Л.Г. Попковамен ғылымдағы интеграциялық дағдыларды дамытамыз
06.12.2022 ж. Ресейден келген профессор Л.Г. Попковамен ғылымдағы интеграциялық дағдыларды дамытамыз

ЭжБЖМ Менеджмент кафедрасының шақырылған профессоры экономикағылымдарының докторы, профессор, "ғылымикоммуникациялар институты" АҚ президенті, РФСІМ МГИМО экономикалық саясат жәнемемлекеттік-жекеменшік әріптестік кафедрасыныңқолданбалы зерттеулер орталығының жетекшіғылыми қызметкері Попкова Елена ГеннадьевнаҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебініңоқытушыларына, магистранттар мендокторанттарға арналған "Халықаралық ғылымғаИнтеграция: рецензияланатын журналдар мендеректер базасы" атты курсы бойынша семинарөткізді. Профессор Л.Г. Попкова 01.09.2022-15.01.2023 жылдар аралығында ЭжБЖМ 1 курсдокторанттарына "Ғылыми зерттеу әдістері/methods of scientific research" пәні бойынша дәрістер оқидыжәне семинарлар өткізеді.
Л.Г. Попкова "Ғылыми коммуникацияларинституты" дербес коммерциялық емес ұйымыныңнегізін қалаушы болып табылады, жаңазерттеулерде, халықаралық басылымдардажобаларды жариялауда жоғары нәтижелерге жәнеРесей мен шет елдердің беделді журналдарындажұмыстарды жариялау бойынша ресейлікғалымдарға кеңес берудің ұзақ тәжірибесіне ие. Жетекші халықаралық форумдардың, конференциялар мен гранттардың белсенді қатысушысы болып табылады.
Л.Г. Попкова 2017-2022 жылдар аралығында 100-ден астам жарияланымы бар, оның ішінде Scopus және Web of Science базаларында 20-дан астам мақала авторы, International Journal ofEconomic Policy in Emerging Economiesредакциялық алқасының мүшесі болып табылады. Ғалымның Scopus ДБ бойынша Хирш индексі-34.
Басқа жаңалықтар

