Фараби Форумының шеңберіндегі конференция

2023 жылдың 11-12 сәуір аралығында ІІ Халықаралық Фараби Форумының шеңберінде «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Жаһандық турбуленттіліктік жағдайында басқарудың жаңа трендтері» атты 3- секциясында 7 өзекті баяндама тыңдалып, белсенді талқыланды. Секция мәжілісі «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., доцент А.Н. Тургинбаева модераторлығымен өтті.
Секция жұмысына Өзбекстан, Финляндия, Польша, Украина, Казақстан ғалымдары және бизнес өкілдері өз зерттеулерінің нәтежелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Конфереция қатысушылары білім беру саласы және банк жүйесін басқару барысындағы туындайтын өзекті мәселелерін талқылап, жаһандық турбуленттіліктік жағдайының, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның білім дамуына және қолданылуына, сонымен қатар басқарушылықеңбекке әсері туралы баға берді.
Сонымен қатар, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуді жаһандану процестерінің оң және теріс салдарына бейімдеу, әсіресе дағдарысты басқару жүйесін қалыптастыру және де басшылар мен мамандардың күнделікті жұмысының тіимділігін арттыру жолдары талқыланды. Әлеуметтік мәселелерді шешу тәсілдерінқолданудағы шетелдік және отандық тәжиребесінежәне Қазақстан үшін ұсынымдарына ерекше көңіл аударылды. Ғалымдар мен тәжиребе мамандарытарапынан талқыланған мәселелерге үлкен қызығушылық пайда болып, белсенді дискуссияға жалғасты.
Басқа жаңалықтар
