- Басты бет
- Жаңалықтар
- Республикалық пәндік олимпиадада «Логистика» мамандығының студенті Тұрдалы Мерей 3 орын алды.
Республикалық пәндік олимпиадада «Логистика» мамандығының студенті Тұрдалы Мерей 3 орын алды.
29 сәуір, 2023

25 сәуір 2023 жылы Көлік және логистика академиясында XV республикалық студенттік пәндік олимпиада «Транспорттық логистика» пәні бойынша өткізілді. Аталған олимпиадаға университетіміздің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 3-курс 12 студенті қатысты. Олимпиада екі этаптан, офлайн форматта өтті және әр қала мен университеттерден келген студенттер қатысып бақ сынады. 1-кезең тестілеуден өтіп, 2-кезеңде кейс берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша III орынға Логистика мамандығының 3-курс студенті Тұрдалы Мерей ие болды. Ғылыми жетекшілері: Шарапиева М.Д.- аға оқытушы және Нурмагамбетова А.М.-оқытушы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға тек сәттілік тілейміз.
Басқа жаңалықтар

7 мамыр, 2025