Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары C.Ш. Даубасова, Р.Б. Тұрысбек «Криминалистика» және «Сот сараптамасы» пәндері негізінде «GLOCK 17» тапаншасынан сараптамалық оқ атуларды жүргізу, сондай-ақ оқ атылған қашықтықты сараптамалық есептеу және анықтау бойынша тәжірибелік оқу сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастырады.Farabi University

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары C.Ш. Даубасова, Р.Б. Тұрысбек «Криминалистика» және «Сот сараптамасы» пәндері негізінде «GLOCK 17» тапаншасынан сараптамалық оқ атуларды жүргізу, сондай-ақ оқ атылған қашықтықты сараптамалық есептеу және анықтау бойынша тәжірибелік оқу сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастырады.

18 қазан, 2023

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары C.Ш. Даубасова, Р.Б. Тұрысбек «Криминалистика» және «Сот сараптамасы» пәндері негізінде «GLOCK 17» тапаншасынан сараптамалық оқ атуларды жүргізу, сондай-ақ оқ атылған қашықтықты сараптамалық есептеу және анықтау бойынша тәжірибелік оқу сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастырады.
Тәжірибелік оқу сабақтарына «6В12301 – Құқық қорғау қызметі», «6В04205 – Құқықтану» Білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері қатысады.
Тәжірибелік оқу сабақтары Алматы облысы, Қаскелең қаласының сыртында орналасқан «Долан» мамандандырылған оқу орталығында болашақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсіби қызметінде кездесуі мүмкін жағдайларды жасау арқылы арнайы нұсқаушылардың жетекшілігі және қатысуымен өткізіледі.
Тәжірибелік оқу сабақтары студенттерді қауіпсіздік ережелерімен және қаруды ұстаумен таныстырудан басталады. Студенттерге оқтың (картеча, бытыра) қару ұңғысындағы және ауадағы қозғалысын, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің қасиеттерін, оның іздері нәтижесінде туындайтын ату механизмін зерттеу, оқ қай қашықтықтан атылғандығын анықтау тапсырылады.


Тәжірибелік оқу сабақтарының мақсаты – «Баллистика» және «Сот баллистикасы» бойынша алған теориялық білімдерін бекіту, кеңейту және тереңдету, құқық қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, сараптамалық-криминалистикалық және аналитикалық қызметтегі өз мүдделерін анықтау және нақтылау, сот сараптамасы саласындағы жұмыстың бастапқы практикалық дағдыларын игеру, сараптамалық-криминалистикалық бөлімшелердің практикалық қызметімен танысу, сот сараптамаларын жүргізу дағдыларын игеру, студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын дамыту болып табылады.
Тәжірибелік оқу сабақтарына қатысу нәтижесінде студенттерде өзіндік жұмыс дағдылары қалыптасады, өз білімсіздігінен қорқу жеңіледі, пәндерді оқуға деген ынтасы, құқықтық сана мен жеке жауапкершілік деңгейі артады.
Студенттер өздерінің жетістіктерін, қажырлы еңбектерін сезінуден және өздеріне жүктелген тапсырмалардың дұрыс және нақты шешімдерін табудан жағымды эмоцияларды сезінеді.
Тәжірибемен тығыз байланыстырылған оқу сабақтары ТДМ 4 «Сапалы білім беруді» жүзеге асыруға ықпал етеді.