
20 қазан 2023 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында "Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау" №13 ТДМ шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел модераторлары: қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е., кафедраның аға оқытушысы Шопабаев Б.А., спикерлер: Алматы облысы бойынша сот сараптамалары Институты директорының м.а., сот экологиялық сараптамасының бас сарапшысы Алитурлиев А.С., з.ғ.к., кафедраның аға оқытушысы Темірболат Н.С., кафедра доценті, PhD докторы Аратұлы К.А., заң факультетінің студенттері.
Дөңгелек үстелде климаттың өзгеруінің себептері мен оның зардаптарының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері талқыланды. Температураның өзгеруі, теңіз деңгейінің көтерілуі, қыста қатты ыстық немесе жазда суық кезеңдер, аптап ыстық, апталап жауған жаңбыр, құрғақшылық пен өрт, су тасқыны, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жойылуы - климаттың өзгеруінің кейбір салдары. Ол адам өмірінің барлық дерлік салаларына – шаруашылыққа, экономикаға, денсаулыққа әсер етеді. Бұл мәселе шағын фермерден бастап кәсіпкерге дейін, бірақ әсіресе кедейлер мен осал топтарға, сондай-ақ әйелдерге, балаларға және қарттарға қатысты болады.