Құқықтануда цифрлық технологияларды қолдану

2023 жылдың 31 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтануда цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті. Семинарды Заң факультетінің Білім беру және оқыту сапасы бойынша Академиялық комитетінің мүшелері Мынбатырова Н.Қ., Бискультанова А.М. ұйымдастырды.
Оқу-әдістемелік семинарының мақсаты – БҰҰ-ның 4-ші «Сапалы білім беру» тұрақты даму мақсатын жүзеге асырудың жаңа жолдарын қарастыру және құқықтану саласында цифрлық технологияларды қолдану есебінен білім беру сапасын жақсарту аясындағы жұмысты жандандыру, жас оқытушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, кәсіби шеберлігін шыңдау.
Семинардың жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен бірге докторанттар, магистранттар да қатысты. Семинар жұмысы кафедра меңгерушісі з.ғ.к. К.Р.Усеинованың кіріспе сөзімен басталды. Семинарда негізгі баяндама жасаған з.ғ.д., профессор А.С.Ибраева, з.ғ.д., профессор Д.М.Баймаханова, з.ғ.д., доцент Н.Х.Калишева, з.ғ.к., доцент Исабеков А.К., з.ғ.к., аға оқытушы А.Ж.Жарболова, з.ғ.к., аға оқытушы Сманова А.Б., з.ғ.к., аға оқытушы А.М.Каратаева, з.ғ.м., аға оқытушы Е.Оңдашұлы т.б. жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру жолдарын жетілдіру туралы, құқық қорғау саласында цифрландыруды дамыту перспективалары туралы, денсаулық сақтау саласындағы цифрлық технологияларды құқықтық реттеу туралы, заң факультетінде қашықтықтан оқыту курстарында цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру туралы, сондай-ақ ақпараттық қорларға тең құқықты қолжетімділік мүмкіндігі туралы ойларын ортаға салып, практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Басқа жаңалықтар


