ТДМ -16 «БЕЙБІТШІЛІК, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР»

20 қазан, 2023

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік тыңдаушылармен 25 қазан Республика күніне орай   ТДМ- тақырыбы аясында «Тілімен-тұғырлы, елтаңбасымен-еңселі, әнұранымен -айбатты қазақ елі» атты ашық тәрбие шарасын ұйымдастырды. Тәрбие шарасының мақсаты еліміздің мемлекеттік нышандарымен таныстыру болды. Туда, елтаңбада  қолданылған негізгі түстер мен ондағы атрибуттарды талдап түсіндіру  арқылы қазақ халқының ұлттық ерекшелігімен, мәдениетімен, танымымен жақын таныстыруды мақсат еткен аталған шара шетелдіктердің өздері тілін үйреніп жүрген ұлттың  мәдениетін тереңірек білуге деген қызығушылықтарын арттырды.