Әлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі тұрақты даму тұжырымдамасы

2 желтоқсан, 2023

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ РЕТІНДЕ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ, ТАРИХНАМА ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ КАФЕДРАСЫНДА ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ

2023 жылдың 2 желтоқсанында «6В03208 – Сандық архивтану және құжаттану» мамандығының 3 курс студенттерінің оқу тобында тұрақты даму мәселелері бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) нәтижелері  талқылау түрінде қорытындыланды.

Студенттер 2015 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) адамзаттың әл-ауқатын арттыруға және Жер планетасын қорғауға бағытталған 17 жаһандық бағытты қамтитын "Әлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі тұрақты даму тұжырымдамасы" атты ресми құжатты ұсынғанын атап өтті.

Пікірталас барысында студенттер адамзат қауымдастығының қазіргі тоқырау кезеңінде кедейлікті, қайғы-қасіретті, әр түрлі теңсіздікті (гендерлік, ақпараттық және т.б.) жою шараларын әлемнің әрбір азаматы саналы түрде қабылдауы керектігін атап өтті. Сонымен қатар экономикалық өсуді арттыру және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту, сондай-ақ климаттың өзгеруімен күресу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар мәселелерді шешуге күш салу тиіс.

"Мен не істей аламын?" деген сұраққа студенттер 17 бағыттың әрқайсысы бойынша кедейліктің, төмен білімнің, денсаулық сақтаудың, цифрлық теңсіздіктің жаңа ұрпақтың болашағына әсері туралы хабардар екендігін арттыру үдерістері жөнінде берік ұстаным қалыптастырды.

Олар біздің еліміз бен әлем үшін болашақ мамандығына байланысты республикамызда тұратын қазақтар мен басқа да ұлттардың цифрлық мәдени мұрасын сақтау, адамдардың өміріндегі өзгерістерді жүзеге асыру үшін ғылым мен білім беруде инновациялық тәсілдерді енгізу аса маңызды фактор екенін жеткізді.

 

Жәкішева С.Ә. - тарих ғылымдарының докторы, проф.