Барлығына жан жақты және жалпыға қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқытуды насихаттауFarabi University

Барлығына жан жақты және жалпыға қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқытуды насихаттау

9 желтоқсан, 2023

2023 ж. 09.12. з.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы. А. Т. Ибрагимов «Барлығына жан жақты және жалпыға қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқытуды насихаттау» - № 4 тұрақты даму мақсаты аясында 2-курс магистранттарымен семинар өткізді.
Халықаралық және жергілікті еңбек нарықтардың қазіргі заманғы сын-қатерлерін ескере отырып, өмір бойы оқыту одан да өзекті болып отыр.
Қазақстанның қазіргі заманғы еңбек нарығын зерттеу көрсеткендей, табысты жұмысты орындау үшін жұмыс істейтін мамандардың шамамен 60%-ы өз дағдыларын жаңартуды қажет етеді, басшылардың 40%-дан астамы дағдылардың жетіспеушілігін немесе «ескіруін» сезінеді, ал басшы менеджерлердің 20%-ы алдағы 2-3 жылда жаңа дағдылар қажет болады деп санайды.
Ең жылдам дамып келе жатқан дағдыларға сандық дағдылар, сыни ойлау, икемді және жобалық ойлау және «уақытты басқару» жатады. Жаңа дағдыларды оқытуды сарапшылар «онлайн» және «офлайн» форматтарда ұсынады.