Шетелдік тағылымдама жаңаша зерттеулерге жол ашады

20 желтоқсан, 2023

Бүгінгі күнде жаңашылдықпен көзге түсіп, түркі халықтарын салтырмалы талдау жасау арқылы, халықтың бойындағы мәдени артефактілерді зерттеуде және де он кітап бетіне түсіруде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жас ғалымдарының да үлесі бар.

Білім бағдарламаларына сәйкес философия, тарих, мәдениеттану, антропология, дінтану және этнология, археология салаларында университете тарапынан қаржыландырылып, түрлі экспедициялар мен іс-сапарлар ұйымдастырылып келеді.

Бұл мемлекет пен университеттің тікелей түркі халықтарының мұраларынан қызығушылығының артуы және оны дамытуға үлес қосу. Осымен қатар шетелдік конференцияларда жас ғалымдардың қатысып, өз жинақтаған материалдарын ашып айтуына мүмкіндік жасалып отыр. Мұның барлығы да білім сапасының артып, қоғамның және де білімнің деңгейінің артуына мүмкіндік жасары хақ.

Тағылымдамадан өту барысында жоспарға сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:

- Хажеттепе университеті, Түркі халықтары әдебиеті мен фольклоры кафедрасының ұжымымен және оқытушы-профессорлық құрамымен таныстым.

- Зерттеу тақырыбы аясында Хажеттепе университеті, Түркі халықтары әдебиеті мен фольклоры кафедрасының визит-профессорлары мен өзге шетелден ғылыми тағылымдамадан өтуші зерттеушілердің лекцияларына қатыстым.

- Университет профессоры Өзқұл Чобаноғлыдан «Қазақ және ноғай халықтарының мәдени артефактілерін компаративистикалық талдау» атты диссертациялық ғылыми зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімі және скопус мақаласының зерттеу жұмысы бойынша жұмыс жасауда кеңестер мен ұсыныстар алдым.

- Түркия Республикасының тәуелсіздігіне 100 жылдығына орай ұйымдастырылған Чанкыры қаласы Чанкыры-Каратекин университетінде конференцияда баяндама жасадым.

- Анкара қаласында Түрксой ұйымының қолдауымен Түркия жеріндегі ноғай халқының мәдениетімен таныстым.

- Анкара қаласында «Turk Halk Kulturu» атты конгресске қатыстым. Ғылыми-зерттеу тағылымдамасы диссертациялық жұмысым мен Скопус мақала әзірлеуде қажетті мәліметтер мен зерттеу жұмысын жүргізуде пайдалы әрі жемісті болды.

Зейнуллин Раймбек Бақытжанұлы

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының  3-курс докторанты