«Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану»

7 ақпан, 2024

2024 жылғы 07 ақпанда биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Уршеева Б.И. 7М01504-Биология» мамандығының 2 курс, 3-топ магистранттарымен «Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану» тақырыбы бойынша ТДМ 14 шеңберінде су ресурстары соның ішінде мұхит, теңіздердің адам әрекеті нәтижесінде ластанып жатқандығын, себептері мен көздерін анықтап  теңіз экожүйелерінің ластануын болдырмау шараларын жүргізу мақсатында дәріс, семинар өткізілді.

Қазіргі уақытта су ресурстары сонымен қатар теңіз мұхит экожүйесін сақтау глобальды үлкен мәселе болып отыр. Статистикаға сүйенсек жылына 9 миллион тоннадан астам пластик Дүниежүзілік мұхиттарға түседі екен ("Science" журналының зерттеуі, 2019). Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерден табылған табылған қоқыстардың жалпы саны 5,25 трлн. пластик өнімдері болып табылады (Экологическая организация Ocean Conservancy, 2016). Бұл әрине адамның іс әрекеті. осының кесірінен теңіз, мұхит тіршілігі жойылып бара жатыр. Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздер Биоалуантүрлілікті, климатты сақтауда және жердегі тіршілікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Алайда, олардың маңыздылығына қарамастан, біздің теңіз сулары адам әрекетінен туындаған үлкен қиындықтарға тап болады. Соңғы зерттеулерге сәйкес, жыл сайын әлемдік мұхиттар мен теңіздерге әртүрлі шығу тегі бар миллиондаған тонна қоқыс түседі. Бұған пластикалық қалдықтар, химиялық ластаушы заттар, микрофракциялар және басқа да зиянды заттар кіреді.