Инклюзивті білім беруге арналған тың жоба
Инклюзивті биологиялық білім беру пәні бойынша «Биология» мамандығының 1-курс магистранттарына (ағылшын тобы) «Тірек-қимыл жүйесі және сезім мүшелері-анализаторлар» тақырыбына арналған ашық сабақ өткіздім.
Инклюзивті биологиялық білім беру ерекше білімді қажет етеді. Өйткені ол биологиялық дамуында ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге оларды әлеуметтендіру әрі интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту болып саналады. Мұндағы негізгі мақсат – болашақ маманның бойында педагогикалық сүйемелдеу қабілетін қалыптастыру және инклюзивті білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға биология бойынша оқу-тәрбие процесін психологиялық педагогикалық тұрғыда сүйемелдеуге дайындық. Сабақ барысында магистранттар түрлі платформаларды (wordwall, learningapps.org т.б.) қолдана отырып, өзара сезім анализаторлары бұзылған жағдаяттарды бөліп алып, олармен жұмыс істеді. Олар сан алуан платформаларды қолдануды жетік меңгергенін көрсете білді.
Қазіргі заман талаптарына сай, инклюзивті білім жоғары оқу орындарында, оқу орталықтарында, жеке ұйымдарда, мектеп қабырғасында заманауи технологияларды қолдануға ықпал ететін өте пайдалы жүйе. Оған қоса, инклюзивті оқыту білім алушыларға белсенді болуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілетті дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың жеке талаптары мен мүмкіндіктерін тиімді жеңілдету үшін білімгерлердің мүмкіндіктерін ескеріп, бір-бірімен қарым-қатынасын түзей отырып, білім беру әдісі. Осыған орай, инклюзивті биологиялық білім берудің бірнеше ерекшеліктерін ұсынамыз:
1. Жеке талаптар мен мүмкіндіктерге сай жоспарлау: білімгерлердің биологиялық білімге қатысуына көмек көрсету үшін жеке талаптар, жоспармен қамтамасыз етілуі.
2. Тілдік жаттығуларды пайдалану: білімгерлердің аударма бойынша тілдік жаттығуларды қолдана білуі.
3. Тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз ету: тақырыпты байланыстыру үшін көмек көрсету және бірлескен жұмысты іске асыру.
4. Жаттығулар мен арнайы ресурстарды қолдану: жаттығулар, аудиокітаптар, міндетті ресурстардың қамтамасыз етілуі.
Педагогикалық биология мамандығының магистранттары «Есту қабілеті шектеулі балаларға арналған инновациялық жеделхат-бот» жасау арқылы ерекше бастама көтерді. Бұл прогрессивті жоба инклюзивті биологиялық білім беруді қолдай отырып, қолжетімділік пен оқытудың жаңа технологиясының бастамасы мен мүмкіндігіне жол ашады. Студенттер заманауи технология саласында өз дағдыларын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар аудиоқоңырауларға тап болған балалар үшін қолжетімді және қызықты ете алатын құрал жасауға барлық мүмкіндіктерін салды. Бұл жоба студенттік бастаманың қоғамымызды оңтайлы өзгерістерге жетелейтінінің жарқын мысалы. Сөйтіп, https://t.me/Inclusi_Bot телеграмм жаңа чат ботын жасап шықтық. Мына сілтеме https://t.me/Inclusi_Bot арқылы ботқа тіркеле аласыз.
Жанар КЕНЖЕЕВА,
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті м.а., PhD