Ұлттық энциклопедияға 83 мақала жариялаған ғалым

19 ақпан, 2024

ҚазҰУ-да есімі елге танымал, отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ғалым-ұстаздар аз емес. Ұстаз деген ұлағатты есімге лайық болу үшін де, ғалым деген ғибратты атқа сай ғұмыр кешу үшін де жарғақ құлағың жастыққа тимей еңбек­те­ніп, күні-түні қағаз «кеміруге» тура келеді. Ғылымда ізденбеген адам іркіледі. Өзіңді дамытып жетіл­ді­ру­ге күшіңді, біліміңді, ой-санаңды бұрмасаң тоқы­­рай­сың. Оның үстіне бүгінгідей технология қарыштап дамыған заманда бәсеке мықты, айна­лаңда озық ойлы жастар жетіліп келеді. Сондықтан қай жасқа келсең де, болдым, толдым демей, сергек көзқарас­пен әрекет етсең – озасың. Бүгінгі біздің кейіпке­рі­міз елімізде химик-коллоидниктер ғылыми мектебінің негізін қалаушылардың бірі, химия ғы­лымының кандидаты, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академия­сының акаде­мигі Әзімбек Қоқанбайұлы жоғарыда біз айтып өткен үдеден шығатын еңбекқор ғалым.

Ғалым-ұстаз Әзімбек Қо­қан­баев 1948 жылы Жамбыл облысының Талас ауданы Бос­тандық ауылында дүниеге келді. 1954 жылы Бостандық ауылы мектебінің табал­ды­ры­ғын аттап, 1965 жылы «Ал­ға­бас» орта мектебін алтын ме­даль­мен аяқтады. 1965 жылы С.Киров атын­дағы Қазақ мем­лекеттік университетінің хи­мия фа­культетіне студент бо­лып қабылданды. 1970 жылы химия мамандығы бойынша бітіріп шықты.

ҚазМУ-дың химия факуль­те­тінің сол кездегі дәстүрі бойынша факультеттің бола­ша­­ғынан үміт күтетін озат түлектерді Ғылыми кеңестің шешімімен әдетте аспиран­ту­раға ұсынатын. Ә.Қоқанбаев Ғылыми кеңестің төрағасы, факультет деканы, профессор Б.Бірімжанов аспирантураға ұсынған түлектердің бірі бол­ғанын мақтанышпен атап өту­ге болады.

 Әзімбек Қоқанбайұлы – «Хи­мия» мамандығы бойынша бакалавриат дәрежесіндегі студенттерге арнайы жазыл­ған «ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» (2004 ж., 2006 ж.) авторлар ұжы­мының мүшесі. Қазақ ұлттық университеті Ғылыми ке­ңесінің 2003 жылғы 24 мау­сым­дағы шешімімен доцент Ә.Қоқанбаевқа жастарға білім берудегі ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін «Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универси­те­тінің профессоры» атағы берілді.

«Еліміз егемендік алған жыл­­дары жоғары оқу орын­дарында қазақ бөлімі кө­бе­йіп, қазақша оқу құралдары өте қат, тапшы болған тұста про­фессор Ә.Қоқанбаев жо­ға­ры оқу орындары қазақ бөлім­де­рінің студенттеріне арналған жиырмаға жуық оқу құралын жарыққа шығарды. Ерекше атап өтерлігі, про­фес­сор Ә.Қо­қанбайұлы 1998-2007 жыл­­дары еліміздің жа­ңадан жарық көрген «Қа­зақ­стан Ұлт­тық энциклопе­дия­сының» 10 томына 83 ма­қала жария­ла­ды», – дейді хи­мия және химия­лық техно­логия фа­куль­теті деканының орынбасары, до­цент Ләйла Қа­дірсізқызы.

Бүгінде Әзімбек ағай сана­лы ғұмырын отандық білім мен ғылымның дамуына сарп еткен үлкен жүректі ұстаз. Өмір­лік мақсат-мұратының биі­гіне жеткен, көргені мен түй­генін жастарға үйретіп, олар­ды нағыз азаматтық рух­та тәрбиелеуге атсалысып жүр. Қайраткер ұстаз педаго­гика­лық қызметтің қыр-сы­ры­на арнап 250-ден астам мақала жариялаған, оның 40-тан астамы оқу және әдісте­ме­лік құралдары жарыққа шық­қан көрнекті маман. «Фи­зи­калық және коллоидтық химия», «Коллоидтық химия» оқулықтары ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының ұсынысымен жарық көрді. Бұл оқулықтарды еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақ тілінде білім алып жатқан студенттер қауы­мы игілікке жаратуда.

Қайраткер ұстаз педаго­гикалық қызметтің қыр-сырына арнап 250-ден астам мақала жариялаған, оның 40-тан астамы оқу және әдістемелік құралдары жарыққа шыққан көрнекті маман. «Физикалық және коллоидтық химия», «Коллоидтық химия» оқулықтары ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының ұсынысымен жарық көрді. Бұл оқулықтарды еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақ тілінде білім алып жатқан студенттер қауымы игілікке жаратуда. 
 

Жігерлі күш-қайрат, тыным­сыз еңбегінің арқасында білік­ті ұстаз жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі үшін ондаған марапатқа ие болды. Мәселен, 2008 жыл байқауы­ның жеңімпазы ретінде про­фес­сор Ә.Қоқанбаевқа «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» және ҚР Білім және ғылым министр­лі­гінің «ЖОО үздік оқытушысы» атағы берілді. Ал 2012 жылы жо­ғары оқу орындарына оқу­лық­тар жазудағы көпжылдық нә­тижелі еңбегі үшін А.Бай­тұрсынов атын­дағы алтын ме­дальмен марапатталды.

Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясы 2012 жылы профессор Ә.Қоқан­баевты коррес­пондент-мү­ше етіп қабылдады, ал 2014 жылы ол осы академияның то­лық мүшесі (академигі) атанды. 2014 жылы Қазақ ұлттық уни­верситетінің 80 жылдық ме­рейтойына орай, про­фес­сор Ә.Қоқанбаев ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызмет­кері» төсбелгісімен ма­рапат­талды.

Профессор Ә.Қоқанбаев еліміздегі химик мамандарды тәрбиелеу ісінде үлгі-өнеге көрсетуші, ақыл-кеңес беріп жол сілтеуші ұстаз, қара­па­йым, өте кеңпейіл тұлға. Әзім­­бек ағайдан көп нәрсені үй­ре­нуге болады. Оның дә­рістерін студенттер де, жас мамандар да қызыға тыңдап, өте көп дерек, білім, мағлұ­мат алады.

Ғылыми тәжірибесі зор, еңбексүйгіш, айналасындағы адамдарға үлкен құрметпен, жауапкершілікпен қарайтын Әзімбек Қоқанбайұлы әріп­тес­тері мен химия сала­сын­дағы қызметкерлер арасында үлкен беделге ие.

Ұлағатты ұстаз, ғибратты ғалым, тамаша отбасының ие­сі, балалары мен немере­ле­рін тәрбиелеп отырған про­фес­сор Әзімбек Қоқанбай­­ұл­ы­ның өмірлік жолы бүгінгі ұр­пақ­қа үлгі-өнеге.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ