Жандос ТАУАНОВ, PhD, Химиялық физика және материалтану кафедрасының аға оқытушысы:Біз заманауи оқу базаларын жасақтауға тиіспіз

26 ақпан, 2024

1. Сіздіңше, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» қан­­дай болу керек, қандай талаптарға (педа­го­гикалық, психологиялық және т.б.) жауап беруге тиіс?
2. Дәріс оқитын пәніңіз бойынша оқу бағдар­ла­масы көңіліңізден шыға ма? Сіздің ойыңыз­ша, оны жетілдіру үшін не істеуге болады? 
3. Білікті маман даярлауда біздің қоғамның қандай кемшін тұстары бар, атай аласыз ба?
4. Жастардың білім деңгейі көңіліңізден шы­ға ма?
5. «Қоғам сауатсызданып барады» деген көз­қа­рас­пен келісесіз бе?

1. Үздік ұстаз терең білім­ді ғана емес, ақпаратты тиім­ді жеткізе алатын  өз ісі­нің маманы болғаны аб­зал. Сонымен қатар ол шы­дам­ды, зейінді, түрлі оқу стиль­деріне бейімделе ала­тын және коммуни­кативті дағды­ла­ры жоғары болуға тиіс. Үздік оқытушы білім алушы­лар­дың қажеттілік­те­ріне аса мұқият болып, олар­дың пән­ге деген қызы­ғушылығын оя­тып, сыни тұр­ғыдан ой­ла­уын дамы­тып, өзін-өзі да­мы­туға ын­та­ландыруы ке­рек. Қазіргі жағдайда үз­дік­тер қатарын­да болу үшін ғылыми жұ­мыс­тармен белсенді айна­лы­су, колла­бо­рация орнату, өзін дамыту курстарына жазылу және бі­лім саласы бойынша мем­ле­кетте бо­лып жатқан жиын­дар­ға, яғни нетворкингке (networking) жиі қатысу аса маңызды деп ойлаймын.

2. Өзім дәріс оқитын пән­де­рім бойынша оқу бағ­дар­ла­масына жалпы қана­ғат­та­намын. Дегенмен ин­те­рак­тивті сабақтар, зерт­ханалық жұмыстар және заманауи техноло­гия­ларды пайдалану сияқты оқыту әдіс­терін енгізу арқылы бағ­дарламаны жақсартуға бо­лады деген ойдамын. Бағ­дар­ламаны жаңарту және еңбек нарығының заманауи талаптарына сай болу үшін студенттердің пікірлерін ес­керіп, жүйелі түрде шолу жа­сап отыру да маңызды. Кей­бір жағдайда оқытушылар өте ескі әдебиет көзін қол­данады, ал ғылым және бі­лім саласы жыл сайын жаңа­рып тұрады, үздіксіз дамуда. Сон­дықтан білім алушы­лар­ға қазіргі таңда қолда­ныс­тағы, тіпті болашақта қажет бо­латын жаңа білімнің қай­нар көзі ретінде болуға тиіс­піз және олардың да ізде­нім­паздық қасиеттерін да­­мыт­­қанымыз жөн.

3. Білікті мамандарды да­яр­лауда белгілі бір кем­ші­ліктер жоқ емес. Мысалы, сту­денттердің кәсіби жұ­мыс­тың нақты қиын­дық­та­рына дайындық деңгейін тө­мендетуі мүмкін тұсы зертханалық дайындық пен тәжірибенің жет­кіліксіздігі жиі кездеседі. Студенттерге зерт­ханалық тәжірибе мен олар­дың оқу деңгейіне сәй­кес­тігін қамтамасыз ету үшін бизнеспен және өнді­ріс­пен байланысты нығайту маңызды. Зертханалық са­бақ­тарға қажетті құрыл­ғы­лар­мен қамтамасыз ету – жо­ғары білікті мамандарды даярлаудың алғышарты. Сол себепті кез келген ЖОО нарық қажеттілігін, білім алу­шылардың сұранысын ескере отырып мейлінше са­палы әрі қолданбалы бі­лім­ге қажет заманауи оқу ба­заларын жасақтауға тиіс­піз.

4. Университеттегі жас­тар­дың жалпы білім деңгейін жақсы деп бағалаймын, бі­рақ, әрине, кез келген са­лада жақсартуға болатын тұс­тары кездеседі. Студент­тер­ге ғы­лыми зерттеулерге, тәжіри­бе­лік жобаларға және тағы­лым­дамадан өтуге кө­бі­рек мүмкіндік беру керек. Сон­дай-ақ оқушылардың сы­ни ой­лауын, дербестігін, шы­ғар­машылық қабілетін да­мытуға қолдау көрсету ма­ңызды. Мысалы, ай сайын әртүрлі тақырыпта ақпарат­тық кез­де­сулер өткізуге бо­ла­ды: шет­елдерге оқуға түсу, АҚШ-та немесе Еуропа елдерінде жұмыс істеуге қандай мүм­кіндіктер бар де­ген сияқты.

5. «Қоғам сауатсызданып барады» деген пікірге қо­сы­ламын. Ақпаратқа оңай қол жеткізуге болатын қазіргі заманда адамдардың ақ­па­ратты сыни тұрғыдан ойлау, тал­дау және таңдап қа­был­дау дағдыларын дамыту ма­ңыз­ды. Бұл мекемелер тара­пынан тек білім беру күш­­терін ғана емес, соны­мен қатар қоғамның оқу мә­дениетін қалыптастыруға, білім­мен бөлісуге және білім беру бастамаларын ынта­лан­дыруға белсенді қа­ты­суын талап етеді.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ