Азиятану институтында «Этномәдени анклавтар ұжымдық бірегейлікті сақтау факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29 ақпан, 2024

2024жылы 23 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Азиятану институтында «Этномәдени анклавтар ұжымдық бірегейлікті сақтау факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны арнайы қонақ – Алексей Александрович Суслов (Волгоград мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы) ашты, ол этномәдени негіздегі анклавтар мәселесін зерттеудің маңыздылығын және осы құбылыстың қазіргі жаһандану үдерістері жағдайында зерттеу қажеттілігін атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында Юлия Фридриховна Кельман (Израильдің сіңіру министрлігі) «Табалдырықтан мұражайға дейін» этникалық анклавтардың типологиясы туралы (АҚШ қалаларының мысалын пайдалана отырып) баяндама жасады», Елена Николаевна Наземцева (Ресей Ғылым академиясының Шығыстану институты, Қытай бөлімі, РФ) -«Қытай шекарасындағы орыс анклавтарының қалыптасу себептері және олардың этномәдени бірегейлікті сақтау ерекшеліктері (Үш өзен және Шыңжаң орыстарын мысалға ала отырып)», Вадим Сергеевич Акуленко (Чун-Ан университеті, Корея) - «Оңтүстік Кореядағы орыстілді кәрістердің «Корёин Маэуль» этномәдени анклавтарының феномені» және Ким Герман Николаевичпен (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан) дөңгелек үстел бағдарламасын «Кореятаун феномені - ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің Қиыр Шығысындағы ықшам қоныстану және байланыс аймақтары» тақырыбындағы баяндамасымен аяқтады.

Әрбір баяндамаға Еркін Ұланұлы Байдаров (Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты) түсініктеме беріп, баяндаманың мәнін ашып көрсетіп, сонымен қатар мазмұнының өзектілігін атап өтіп, Қазақстандағы жағдайлармен салытыру жүргізді.

Іс-шараның қонақтары ретінде  Сыздықова М.Б. (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан), Аствацатурова Майя Арташесовна (Пятигорск мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы), Смирнова-Сеславинская Марианна Владимировна (Болгария), Петров Леонид Алексеевич ( International College of Management in Sydney (ICMS)), Ракишева Ботагөз Ислямқызы («Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты, Астана, Қазақстан), Ирина Игоревна Корнеева (Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы), Ким Ён Ун (Ұлттық зерттеу университеті Жоғары экономика мектебі, Ресей Федерациясы), Назира Әбдінасир (Дебрецен университеті, Венгрия) және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар,   спикерлер, тыңдаушылар  баяндамаларды мұқият тыңдап, талқылауға белсене қатысып,  қызықты тақырыптар бойынша өзара қызу талқы жүргізді.

2024 жылдың 20 наурызында «Иммигранттар мен диаспоралар ортасындағы этникалық кәсіпкерлік» тақырыбында 2-ші дөңгелек үстел оффлайн және онлайн режимінде өткізілу жоспарлануда, осы іс шараға барлығын қатысуға шақырамыз.