- Басты бет
- Жаңалықтар
- ФжСФ студенттері мен оқытушыларының «Антиядролық қозғалыс және жастар» тақырыбындағы «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалыстың ардагерлерімен және өкілдерімен кездесуі
ФжСФ студенттері мен оқытушыларының «Антиядролық қозғалыс және жастар» тақырыбындағы «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалыстың ардагерлерімен және өкілдерімен кездесуі
2024 жылдың 14 наурызы күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 3 – Денсаулық пен амандық, ТДМ 17 – Тұрақты даму үшін серіктестік) жүзеге асыру және ЖОО педагогикалық практика аясында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойына және «Невада-Семей» ХАҚ 35-жылдығына орай «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалыстың ардагерлерімен және өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды және өткізілді.
Қонақтар қатарында - «Невада-Семей» ХАҚ ардагерлері мен өкілдері, Антиядролық қозғалыстың вице-президенті Жандаулетов Валерий Айтмукашевич, ХАҚ ғылыми хатшысы Прус Людмила Николаевна, қозғалыс белсендісі Мауль Татьяна Александровна.
Құттықтау сөзімен және ХАҚ ардагерлерін 35-жылдықтарымен құттықтап факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты, асс. профессор Мейрбаев Бекжан Берикбаевич сөз сөйледі. Өз сөзінде Б.Б.Мейірбаев ҚазҰУ-нің көрнекті түлегі, белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлы жазушысы және ақыны Сүлейменов Олжас Омарұлының жеке үлесі және "Невада-Семей" Халықаралық антиядролық қозғалыстың Семей және әлемнің басқа да 4 ірі полигонындағы ядролық сынақтарды тоқтатудағы бұрын-соңды болмаған үлесін атап өтті.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры М.П.Кабакова "Невада-Семей" Халықаралық антиядролық қозғалысының пайда болу тарихымен және негізгі тарихи күндерімен қысқаша таныстырып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ПОҚ-ның ХАҚ қызметіне қосқан үлесін атап өтті, оның ішінде ХАҚ президентінің кеңесшісі, ЛМУ түлегі, психол.ғ.канд., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Күләш Есіркегеновна Басыбековананы еске алды.
Ары қарай кездесу қонақтары - Антиядролық қозғалыстың вице-президенті Валерий Айтмукашевич Жандаулетов, ХАҚ ғылыми хатшысы Прус Людмила Николаевна, қозғалыс белсендісі Мауль Татьяна Александровна "Антиядролық қозғалыс және жастар" тақырыбында сөз сөйледі.
Валерий Айтмукашевич Жандаулетов нағыз халықтық антиядролық қозғалыстың қалай пайда болғандығы туралы естеліктерімен бөлісті. 1989 жылғы 28 ақпан - Қазақстанда 1-ші қоғамдық ұйымның құрылған күні (тіркеу нөмірі №0001). Бейбіт шерулер, Семей полигонындағы ядролық сынақтарды қысқарту және тоқтату туралы үндеумен қол жинау, ядролық полигондар жабылған басқа елдердің тұрғындарын қолдау туралы айтып берді. Қорытындылай келе, Валерий Айтмукашевич эстафетаны - студент жастарға ХАҚ-тың тарихын, тәжірибесін беруге дайын екенін атап өтіп, ҚазҰУ кітапханасына ақынның қолы қойылған Олжас Сүлейменовтың кітаптарын сыйға тартты.
ҚазҰУ биология факультетінің түлегі, құрылған күнінен бастап ХАҚ-тың мүшесі болған Прус Людмила Николаевна "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының дамуындағы жастардың рөлі туралы, қазақстандық қозғалыс өкілдерінің бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтарды тоқтатуға қосқан үлесі туралы айтып берді, сондай-ақ студенттерді, магистранттар мен докторанттарды бүкіл әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін ХАҚ қызметіне өз үлестерін қосуға шақырды.
Мауль Татьяна Александровна физик және биофизик, сондай-ақ психолог және жалпы және қолданбалы психология кафедрасының түлегі ретінде ҚазҰУ-дың тағы бір танымал түлегі, қоғам қайраткері, Қазақстандағы биофизиканың негізін қалаушы Инюшин Виктор Михайловичтің қосқан үлесі туралы айтып өтті. Кафедра психологтарының ядролық сынақтардан зардап шеккен және барлық мұқтаж адамдар үшін кешенді зерттеулер мен оңалту іс-шараларын жүргізуге күш-жігерлерін біріктіруді ұсынды.
Кездесу соңында кафедра меңгерушісі, пед. ғыл. докт. профессор Мынбаева Айгерім Казиевна барлық қатысушылардың, барлық қазақстандықтардың және өз атынан "Невада-Семей" Халықаралық антиядролық қозғалыстың ардагерлеріне Семей полигонын және әлемнің басқа да ірі полигондарын жапқандары үшін, Қазақстандағы ядролық қарусыз және бейбіт өмір үшін алғысын білдірді.
Студенттер мен магистранттар кездесу қонақтарына тарих және бүгінгі бейбітшілікке қосқан үлестері үшін алғыс айтып, аға буын ісін жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының философия және саясаттану факультетінің оқу залында өтті. Декан Б.Б.Мейрбаев В.А. Жандаулетовке естелік сыйлық табыс етті.
Модератор: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мынбаева А.К.
Ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорлары Кабакова М.П. және Бердібаева С.К.
Жауаптылар: кафедра кураторлары, докторанттар Муса Қ.М., Габдрахман А., магистрант Манарбекова Ж.К.