VIII МТIJ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

20 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай  Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің қолдауымен Халықаралық Фараби форумы аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция тұрақты даму мүддесінде білім берудің жоғары стандарттарын дамытатын әртүрлі елдер ғалымдарының пікір алмасуы мен тиімді өзара қызметін ұйымдастыруға ықпал етеді.

 

VIII МТIJ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ

ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ

 

Өткізілетін уақыты: 9 сәуір 2024 жыл. Басталуы 11:00

Өткізілетін орны (аралас формат): оффлайн – «Әл-Фараби» кітапханасы, 409- конференц-залы; онлайн –Zoom платформасы

 

Ресми әріптестер:

Алматы қ. ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун Тұрақты даму институты

БҰҰ (UNAI) Академиялық ықпал бағдарламасының жаһандық хабы

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

 «Интермедиа Брюссель» ҚҚ (Бельгия, Брюссель)

«Avrupa» медиахолдингі (Британия, Лондон)

 

Сессиялар және ғылыми пікірталас бағыттары:

Журналистік білім берудің жаңа бағыттары

  • Медиапедагогика – болашақтың дағдылары;  
  • Журналистиканың посткәсіби әлемі: оқу бағдарламаларын бейімдеу;
  • Көші-қон және босқындар тақырыбын көрсетуге арналған білім беру бағдарламаларының алгоритмі.

 

Бүгінгі халықаралық журналистика: тәуекелдер мен мүмкіндіктер

  • Қазіргі медианың технологиялары мен әлеуметтік құндылықтары: өзгерістер тәуекелдері;
  • Алгоритмдік журналистика кәсіби құрал ретінде;
  • Постиндустриалды және түпнұсқалы журналистика: сенім мәселелері.

 

Дәстүрлі журналистикадан тұрақты журналистикаға

  • Журналистика 2030 жылға дейінгі кезең және ТДМ Күн тәртбінің бөлігі ретінде;
  • Конструктивті және сезімтал журналистиканың навигациялық міндеттері;
  • Ашықтық, есеп берушілік және этикалық медиа: бейбітшілікке негізделген диалог.

 

Конференция барысында әлемдік және отандық журналистика саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары өтеді.

Конференцияға сондай-ақ БАҚ басшылары, бас редакторлар, журналистер, БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері, шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, АҚШ, Ұлыбритания,  Бельгия,  Польша, Түркия, ҚХР,  Ресей  ғалымдары мен бұқаралық коммуникация саласының зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

Кездесу барысында ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының Коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасының (IPDС) қолдауымен «Аймақ – Орта Азия: миграция мәселелері бойынша журналистік білім беру» Жобасының жүзеге асырылуы бойынша «Golden middle of the new UNESCO project» презентациясы таныстырылады.

Конференция материалдары ғылыми жинақ болып жарияланады. Жарияланудың негізгі шарты – конференцияға қатысу және баяндама жасау. Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес келуі тиіс.

Жариялау талаптары:

  1. Баяндама (мақала) мәтіні MS Word бағдарламасында 5-7 беттен аспайтын көлемде дайындалуы керек. Кестелер, диаграммалар, суреттер Windows бағдарламасы түрінде аталып, құрастырылуы керек.
  2. Парақ параметрлері: барлық жиектер 2 см.
  3. Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, өлшемі 14.
  4. Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25 см.
  5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді анықтау керек. Әдебиеттер тізімі үлгіге сәйкес мәтіннің соңында орналастырылуы тиіс. Мәтінде әдебиеттерге сілтемелер аталу реті бойынша нөмірлеуге сәйкес «шаршы» жақшаға алынуы қажет. Мысалы, [1, 156].

Мақаланың электронды нұсқасы (баяндама) aliya.nurshaikhova@kaznu.edu.kz электронды поштасына жіберіледі.

Жинақтың редакциясы мақаланың ұсынылған материалдарының мазмұнына жауап бермейді және баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға қатысу үшін келесі формада өтініш беру қажет:

 

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

  1. Тегі, аты, әкесінің аты (толық)                                                                         
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы                                                                                
  3. Мекеме, лауазымы                                                                                           
  4. Мекен-жайы                                                                                                                                              
  5. Телефон (халықаралық кодпен, ұялы)                                         
  6. Электрондық пошта                                                                                                                         
  7. Мақаланың тақырыбы                                                                                                              

Конференцияға баяндама дайындау 

Тыңдаушы ретінде қатысу 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ, 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Байланыс мәліметтері: 8 (727) 377 33 33 (ішкі. 1942); +7 (701) 993 90 07; +7 (701) 501 33 43; + 7 777 173 89 47.

Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, e-mail: nazgul.shyngysova@kaznu.edu.kz

Нуршаихова Алия Арнұрқызы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, e-mail: aliya.nurshaikhova@kaznu.edu.kz 

Дудинова Елена Ивановна, ф.ғ.к. ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының доценті, e-mail: Elena.Dudinova@kaznu.edu.kz