«Қазақстан халықтарының достығы фестивалі» іс-шарасы Наурыз мейрамына арналған ТДМ аясында өткізілген

25 наурыз, 2024

2024 жылдың 19 наурызында ЭжБЖМ «Экономика» кафедрасы Фараби университетінің студенттері арасында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің өмірі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, ұлттық өнері туралы білімдерін кеңейту мақсатында «Қазақстан халықтарының достығы фестивалін» өткізді.

Қазақстан үшін тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу ұлттық басымдық болып табылады. Тұрақты даму қағидаттары ұлттық стратегияларымыз бен бағдарламаларымыздың өзегіне айналды. Біз БҰҰ қамқорлығымен техникалық қолдау, зерттеулер мен тәуекелдерді бағалау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз. Тұрақты даму мақсаттары – адамзат үшін жақсы әлемге апаратын жол. Бұл іс-шара ТДМ-ның 4-ші «Сапалы білім» және 17-ші «Тұрақты даму бойынша серіктестік» мақсаттарына сай өткізілді.

Әр халықтың бай мәдениеті бар. Әңгімелер, аңыздар, дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әр халық ертегілерді әртүрлі айтады, бесіктегі балаларға әр түрлі ән айтады. Солардың барлығын бақытты, бейбітшілік пен достықта өмір сүруге деген ұмтылыс біріктіреді.

«Экономика» кафедрасының өзінде Қазақстаннан келген студенттер мен магистранттармен қатар әлемнің 10 елінен келген білім алушылар оқиды. Осы студенттердің арқасында түрлі ұлт өкілдеріне қонаққа бардық. Біз көптеген қызықты нәрселерді тамашалай отырып, әртүрлі халықтардың шығармашылығымен таныстық. Бұл фестивальге қатысқан елдер: Қазақстан, Индонезия, Иран, Тәжікстан, Ауғанстан, Бангладеш, Қытай.

Фестивальге қатысушылардың әрбірі өз елінің жетістіктері мен мәдениеті туралы презентация жасап, ұлттық ән мен би биледі. Бұл фестивальге университеттегі «Журналистика» және «Құқықтану» ББ студенттері мен магистранттары қатысты.

Фестиваль студенттердің өз еліне, халқына деген мақтаныш сезімін оятып, басқа халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауды оятып, Фараби университетінің бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі факультеттердің студенттері мен магистранттарын одан әрі біріктіруге мүмкіндік берді.