Францияда ғылыми тағылымдамадан өтеді

28 наурыз, 2024

«ЖОО үздік оқытушысы» байқауы жыл сайын оқыту­шы­лар беделін арттыру және оларды кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өтеді. Байқауға өткен жылы 80 жоғары оқу орнынан бар­лығы 768 үміткер қа­тыс­қан. Ғылым және жо­ғары білім министрлігінің хабарлауынша, «ЖОО үздік оқытушысы – 2023» ата­ғы­на қазақстандық 43 жоғары оқу орнының 150 оқыту­шы­сы жеңімпаз атанды, соның ішінде 32-сі қара шаңы­ра­ғымыздың оқытушылары.

Жазира Қабылқызы Мо­ле­кулалық биология және генетика кафедрасында 2003 жылдан бастап аға ла­борант, оқытушы, аға оқы­тушы, доцент міндетін ат­қарушы болды. Кафе­дра­ның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бо­йын­ша меңгерушінің орын­ба­сары, ал 2019 жылдан бері Молекулалық биоло­гия және генетика кафе­дра­сының меңгерушісі қыз­­метін атқарып келеді.

Жазира Жүнісбаева – БҒМ Ғылым комитетінің ғы­лыми грантының «Қоңыр жапырақ татына Brachypodium distachyon L. мо­дель­дік объектісінің арнайы емес төзімділігінің физио­ло­гиялық-биохимиялық механизмдері» (2018-2020 жж.) жобасының жауапты орындаушысы. Алынған ғылыми нәтижелер бо­йын­ша 80-нен астам ғылыми мақалалар мен тезистері, БҒМ-ның отандық жур­нал­дарында 100-ден астам мақаласы және Thomson Reuters, Scopus ақпарат­тық базасына кіретін жур­нал­дарда бес мақаласы мен тезистері, РОӘК ОӘБ бойынша екі оқу құралы (2012, 2017) мен бес оқу-әдістемелік құралы, екі монографиясы (2017, 2024) жарық көрді. Сонымен қа­тар Жазира Қабыл­қы­зы­ның басшылығымен рес­пуб­ликада алғаш рет «Ге­нетика» білім беру бағ­дар­ламасы бакалавриат, магистратура және док­то­рантура деңгейінде ашыл­ды.

Ж.Жүнісбаева 2012 жы­лы «Жұмсақ бидайдың сырт­­қы ортаның стресс фак­торларына моле­кула­лық-биохимиялық меха­низ­мін зерттеу» тақырыбы бойынша Томск мем­ле­кет­тік университетінің Био­ло­гия институты Агрономия кафедрасында РФФИ қо­ры­ның бағдар­ла­ма­сы бо­йынша, ал 2019 жылы Со­фия қала­сын­дағы (Бол­­гария) Болгар ғылым ака­демиясына қа­рас­ты Ор­ганикалық химия және фитохимия инсти­ту­тының Фитохимия орталы­ғын­да қысқа мерзімді та­ғы­лым­да­мадан өтті.

2021 жылы Coursera пла­т­­формасында Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық универ­си­теті мен Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ бірлесе оты­рып ағылшын тілінде да­йындаған Methods of molecular biology кур­сының қазақ тіліндегі субтитрін дайындады. Со­нымен қа­тар осы курс 2022 жылы ҚазҰУ-дың МООК (оpen.kaznu.kz) плат­фор­ма­сында ағылшын және қазақ тіл­дерінде суб­титрі берілген «Моле­кула­лық био­логия курсы әдіс­те­рі» пәні бо­йын­ша онлайн кур­сын қа­шықтан оқыту үде­рісіне енді.

Ж.Жүнісбаева қызмет жа­сау барысында факуль­тет­тің қоғамдық жұмыс­та­рына белсене қатысады. Ол 2009 жылдан бері фа­культеттің әдістемелік бю­росының мүшесі, 2012 жылы факультеттің әдісте­ме­лік бюросының төрайы­мы қызметін атқарды.

Ғылыми зерттеу жұмыс­та­ры бойынша екі студенті «Дарын» республикалық ғы­­лыми-практикалық ор­талығының ұйымдас­ты­руы­мен оқушылар ара­сында өтетін ғылыми жоба конкурсының жүлдегерлері атанды. Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гу­манитарлық және эко­но­ми­калық ғылымдар бо­йын­ша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда екі студенті ІІ, ІІІ дәрежелі дипломның ие­гер­лері атанды. Жазира Қабылқызы ғылыми-пе­да­го­гикалық еңбектерінің көрсеткіші бойынша 2022 жылы «Тәуелсіз елдің үздік ұстаздары – 2022» рес­пуб­ликалық байқауы аясында «Білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Таяуда «Болашақ» бағ­дар­ламасы стипендия­сы­ның иегері атанған доцент Жазира Қабылқызы ғы­лы­ми тағылымдама бары­сын­да Густав Рози атындағы инс­титуттың (Франция) «ДНҚ репарациясы» зерт­ха­насының меңгерушісі, профессор Мұрат Қали­ұлы­ның жетекшілігімен ми­то­хондриялық ДНҚ тіз­бек­терінің тұқым қуалау ме­х­анизмін және геном­да­ғы соматикалық мута­ция­лардың пайда болу заң­ды­лықтарын зерттейді. Бұл зерттеу жұмысы адамның жасына байланысты туын­дайтын аурулар мен клет­калардың қартаюын алдын ала диагностикалау мен ал­дын алудың жаңа жол­дарын табуға көмектеседі.

 Ақерке СЕРБАЕВА,

Молекулалық

биология және генетика кафедрасының

аға оқытушысы

Шынар Ырғынбаева,

доцент м.а.