Университет ғалымдары үшін «Taylor & Francis Author Workshop» атты семинар өтті

18 қыркүйек, 2015

Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Университеттің ғалымдары мен оқытушылық-профессорлық құрамының жарияланым белсенділігін арттыру шарасын орындау аясында «Taylor & Francis Author Workshop» семинары өтті.

Taylor & Francis әлемнің ең үздік 20 ғылыми баспаларының санына кіреді және әр елдің ғалымдарына халықаралық рецензияланған журналдарына жариялануға мүмкіндік береді. Осылайша, қарзіргі уақытта Taylor & Francis жылына шамамен 1000 ғылыми журнал мен 2000 монография жариялайды. Баспаның журналдарының көбісі Web of Science, Thomson Reuters мәліметтер базалары бойынша импакт-факторға ие және Scopus мәліметтер базасына енгізілген. Біздің Университеттің ғалымдарының осы баспаның рейтингті журналдарында жарияланымдары мен монографияларын кездестіруге болады.

Семинар барысында Taylor & Francis баспасының өкілдері осы баспаның журналдарына ғылыми жұмыстарды жіберудің және рецензиялау жұмысының шарттарымен таныстырды, сонымен қатар осы баспамен тығыз өзара әрекеттестіктің болашақтағы нәтижесінің көрінісін айта кетті. Семинар барысында, Taylor & Francis журналының басылым бойынша менеджері Виктория Баббит ғылыми мақаланың жазылу процесінің аса жоғары мән беру керек тұстарын көрсетіп, жұмыстың жарияланымға қабылдауға жарамдылығына байланысты қажетті ақпараттармен таныстырды.

Taylor & Francis секілді әлемдік деңгейдегі баспалармен белсенді өзара әрекеттестік Университеттің басым бағытың бірі болып табылады және Университеттің ғалымдары мен оқытушылық-профессорлық құрамының жарияланым белсенділігінің артуына өз ықпалын тигізеді. Әлемнің ғылыми қауымдастығының еліміздің ғылымының жетістіктерімен танысуы зерттеу жобаларының дамуы мен еліміздің бәсекелестікке жарамдылығын арттыруға ықпал етеді.

Бүгінгі семинар Университеттің ғалымдары мен профессорларының қызығушылығын тудырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Taylor & Francis баспасы арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді әрекеттестікке жасалған алғашқы қадам болды.

Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі департаментті