Қазақстандағы баспа ісі және Зейнолла Сәніктің баспагерлік, редакторлық қыры

9 сәуір, 2024

2024 жылдың 24 сәуірінде  сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде (218 аудитория) жазушы, баспагер, редактор, этнограф, аудармашы Зейнолла Сәніктің шығармашылық мұрасын зерттеу мен талдауға және баспа ісіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған «Қазақстандағы баспа ісі және Зейнолла Сәніктің баспагерлік, редакторлық қыры» атты республикалық конференция өтеді.

Конференция барысында Зейнолла Сәнік атындағы «Баспа-редакциялау орталығы» ашылады. 

Конференция  бағыттары:
•    Ұлттық баспа ісінің қазіргі замандағы дамуы;
•    Қазақстандағы электронды кітап нарығы: ізденістер мен іркілістер;
•    Зейнолла Сәніктің  шығармашылық  мұрасы;
•    З.Сәніктің баспагерлік қыры, редакторлық шеберлігі;

Конференцияға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, Зейнолла Сәніктің отбасы, әріптестері, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, белгілі баспагерлер, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысады.
Оған қоса «Үздік баспасөз жарияланымы», «Үздік ғылыми жұмыс», «Дизайн өнерінің үздік туындысы» аталымы бойынша студенттер арасында ұйымдастырылған байқау қорытындысы шығады. 

Іс-шара аясында Зейнолла Сәнік атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалады.

Жалпы ережелер
1.1. Зейнолла Сәнік  атындағы шәкіртақы (бұдан әрі “шәкіртақы”) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті (бұдан әрі «факультет») студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының оқудағы, ғылымдағы және журналистика cаласындағы туындыгерлік-шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету, сондай-ақ, қазақтың қабырғалы қаламгерін, оның баспа ісін дамытуға қосқан ерекше үлесін жас  ұрпаққа таныстыру, есімін ел есінде қалдыра отырып, өміршең өнегесін үлгі ету мақсатында тағайындалып отыр.
1.2. Зейнолла Сәнік  атындағы байқау (бұдан әрі “байқау”) қорытындысы негізінде беріледі. Байқау журналистика факультетінде барлық мамандықтар бойынша бюджеттік және ақылы түрде қазақ, орыс топтарында оқитын бакалавриаттардың, магистранттардың, докторанттардың арасында
а) білім алу; ә) ғылыми-зерттеу; б) журналистік және шығармашылық ізденіс бағыттары бойынша өтеді.

1.3. «Зейнолла Сәнік  қоры»  тағайындаған шәкіртақы  жыл сайын байқау жеңімпаздарына әр аталымнан  үш  орыннан  беріледі.
●    Бірінші орын
●    Екінші орын
●    Үшінші орын

1.4. Байқау барлық мамандықтар бойынша бюджеттік және ақылы түрде қазақ, орыс топтарында оқитын бакалавриаттардың, магистранттардың, докторант-тардың арасында 2024 жылдан бастап  өткізіледі.

Материалдардың   қабылдануы   мерзімі:   2024   жылдың   20 сәуіріне дейін kaznu.baspaisi@gmail.com электронды поштасына жолдайсыздар немесе «Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасына әкеліп тапсырасыздар (журналистика факультеті, 211 кабинет).

Байқау нәтижелері 2022 жылы 24-сәуірде шығарылады.

Байқауды   әл-Фараби    атындағы    ҚазҰУ-дың    журналистика    факультетінің «Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы ұйымдастырып, жариялайды.

Әділқазылар алқасы
Әділқазылар алқасы құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы- профессорлары, танымал журналистер, белгілі редакторлар, қоғам қайраткерлері қатысады.
Ең үздік жұмыстар әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен іріктеледі.

Негізгі талаптар:

Зейнолла Сәнік  атындағы байқау аясында ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары,  журналистік-шығармашылық туындылар байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сай болуы шарт.
Марапаттау:
4.2. Ең үздік деп танылған жұмыстың авторына бір мәрте берілетін шәкіртақы сертификатымен және Зейнолла Сәнік   отбасысының атынан Алғыс хат табыс етіледі.
4.3. Байқаудың қорытындысы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланады.
4.4. Байқау жеңімпазына шәкіртақы оның жеке есепшотына аударылады немесе қолма- қол беріледі және шәкіртақы берілгені жөнінде растама алушының қолымен рәсімделеді.

Ғылыми жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:
Байқауға қатысушы үміткер ғылыми жұмыстарды электронды поштаға жібереді немесе қағазға шығарып ұсынады, ал баспасөз материалдарының түпнұсқасын (немесе көшірмесін), дизайн өнер  туындысын көрсетілген поштаға жібереді немесе кафедраға әкеліп өткізеді (журналистика факультеті, 211 кабинет).
Ғылыми жұмыстар мен жобалар төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс: 
1. Ғылыми жұмыс (мақала) мәтіні 10-20 бет көлемінде және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс.
2.    Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2 см, төменгі жағы -2см, сол жағы-3см, оң жағы 2 см.
3.     Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
4.    1 – аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.
5.    Бір интервалдан кейін жаңа жолдан ғылыми жұмыстың материалдары беріледі.
6.    Әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстың соңында және тізім тәртібіне сәйкес жазылады.

Ғылыми жұмыста әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі автордың еңбек нөміріне сәйкес қойылады. Сілтемені қолданғанда дереккөздің бетін көрсету керек. Мысалы: [ 1, 256 б]. 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті.
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Рамазан  
Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары – Е.Т.Кисимисов +77075209956
Жетекші маман М.Альмухаметова, тел.: +77075358455

Электронная почта: kaznu.baspa_design@mail.ru