Бангкокта ғылыми тәжірибеден өтті

17 сәуір, 2024

Ғылыми тағылым­да­ма докторанттардың мансабын­дағы маңыз­ды кезең әрі олардың ғылыми және кәсіби дамуына артықшылық береді. Ең алдымен тағыл­ым­да­ма докто­рант­тар­ға ғылыми ортада жұмыс істеудің құнды тәжірибесін алуға және өз саласын­дағы озық зерт­теулер, әдістемелер, техноло­гиялар және тренд­тер­мен танысуға мүмкіндік береді. 

Тәжірибеден өту барысында докторанттар белгілі бір ғы­лы­ми бағыттағы білімдерін те­рең­дете алады, жаңа әдіс-тә­сілдерді меңгереді, бұл олар­дың кәсіби өсуіне ықпал ете­ді. Сонымен қатар тағы­лым­дама докторанттарға бас­қа ғалымдармен, зерттеу­ші­лермен және мамандармен қа­рым-қатынас жасауға, тә­жірибе, идеялармен алмасуға және ортақ ғылыми жобалар бойынша ынтымақтастық ор­на­туға мүмкіндік береді.

Практика барысында докто­рант­тар ғылыми (мысалы, зерт­теу әдістері, деректерді тал­дау) және көшбасшылық сияқты жаңа дағдыларды иге­ре алады, бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабі­лет­тілігін арттырады.

Тәжірибеден өту нәтиже­сін­де докторанттар ғылыми жа­рияланымдарға, халықаралық конференцияларда зерттеу нә­тижелерінің презента­ция­ла­рына қатыса алады. Бұл олар­дың ғылыми идеяларын та­ра­туға және ғылыми мансабын көтеруге көмектеседі. Тағы­лым­дама жаңа кәсіби байла­ныс орнатуға, ғылыми қоғам­дас­тықта байланыс желісін құ­руға және болашақ зерт­теу­лер үшін ықтимал серіктес­тік­терге мүмкіндік береді.

Біздің университетімізде бі­лім алып жатқан докторант­тар­да өз диссертациясының бағы­тына сәйкес таңдалған ғылыми жетекшісі қызмет ететін уни­вер­ситеттерден ғылыми тағы­лым­дамадан өтеді.

География және табиғатты пайдалану факультеті Карто­гра­фия және геоинформатика кафедрасы «Картография» ма­ман­дығының 3-курс докто­ран­ты Әсет Сағатбекқызы Таиланд мемлекетінің Бангкок қала­сын­да орналасқан Азия техно­ло­гиялық институтында ғылы­ми тәжірибеден өтті.

Азия технологиялық инсти­ту­ты (AIT) Су шаруашылық және басқару департаментінде қолданылатын ғылыми-зерт­теу әдістерімен танысып, «Бал­қаш көлі бассейніндегі өзендер ағынының маусымдық ауыт­қуын ЖҚЗ негізінде модельдеу және болжау» тақырыбында ка­федра профессорларымен талқылап және кеңес алып келді. AIT ғылыми кітапха­на­сында жұмыс істеп, диссер­та­ция тақырыбына қажетті ма­те­риалдар қорын толықтырды. Дис­сертацияның теориялық бө­лігін жаңа деректермен то­лықтыру мақсатында Scopus, Clarivate Analytics, EBSCO, Sciencedirect, RSCI мәліметтер ба­засымен жұмыс істеді. Со­ны­мен қатар өзінің ғылыми жұмы­сының жоспарына сәй­кес, Балқаш бассейндеріндегі өзендер ағынының маусымдық ауытқуын болжау бойынша Сonvolutional neural network (CNN), long short-term memory (LSTM) network, Soil and Water Assessment Tool (SWAT) мо­дель­дерін талдаумен айна­лыс­ты. Маусымдық өзен ағынына баға беретін параметрлерді (қар жамылғысы, жер беті, ауа температурасы, жауын-ша­шын) ғарыштық түсірілімдер не­гізінде модельдеуге көбірек көңіл бөлді.

Қазір аталған универ­ситет­тен ғылыми тәжірибе жинақ­тау барысында алынған ақпа­рат­тарды пайдаланып, ғы­лыми басылымға мақала жазылуда.

Ақтоты БЕКЖАНОВА,

Картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы