- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жасанды интеллект және тұрақты даму мақсаттары: экономиканы, экологияны және қоғамды қайта құру» атты дөңгелек үстел
«Жасанды интеллект және тұрақты даму мақсаттары: экономиканы, экологияны және қоғамды қайта құру» атты дөңгелек үстел
2024 жылы 16 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенттері «Жасанды интеллект және тұрақты дамудың мақсаттары: экономиканы, экологияны және қоғамды қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған дөңгелек үстел БҰҰ айқындаған жасанды интеллект (ЖИ) пен тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) өзара байланысына назар аударды. Студенттер жасанды интеллектінің түрлі салаларда ТДМ-на қол жеткізудің құралы ретінде қызмет ететінін, сондай-ақ осы өзара әрекеттестіктен туындаған мәселелер мен оларды еңсеру жолдарын талқылады. Талқылаудың негізгі бағыттары мынадай аспектілер болды:
ЖИ тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып инновацияларды қалай дамыта алады, өнімділік пен тиімділікті қалай арттыра алады, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, экономикалық өсуге қалай ықпал етеді секілді тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ ЖИ-ні қолдану тәсілдерін қарастыра отырып климаттың өзгеруіне қарсы күресу, табиғи ресурстарды басқару, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және өндірістің экологияға әсерін азайту секілді мәселелерге көңіл бөлінді. ЖИ-нің еңбек нарығына, әлеуметтік теңдікке, білім мен денсаулық сақтау саласы бойынша қолжетімділігіне, сонымен қатар жеке деректер мен адам құқықтарын қорғауға байланысты әсері талқыланды. Тұрақты даму контексінде ЖИ-ні пайдаланудың этикалық мәселелері мен моральдық аспектілері талқыланды. Үкімет, бизнес және азаматтық қоғамның ТДМ-на қол жеткізуіне ықпал ететін және барлық тараптардың мүдделерін ескеретін ЖИ-ні дамыта және қолдана отырып, бірлесіп жұмыс жасауға қалай қолайлы орта құруға болады секілді мәселелер қарастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты тұрақты даму мақсаттарын қолдануда жасанды интеллектіні пайдалану үшін практикалық ұсынымдар мен стратегияларды әзірлеу, сондай-ақ әлеуетті тәуекелдер мен сын-қатерлерді басқару жолдарын талқылау арқылы түрлі мүдделі тараптарды біріктіру болып табылады.
Нуралиева Сания Аятбекқызы
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы