Ф.ғ.к.аға оқытушы Карбозов Ерханның жетекшілімен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Филология факультеті Әдебиеттану мамандығының 1-курс магистранттары Келген Д., Жұбатқан М., Биримжарова Г. “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының 3-курс студенттеріне “Гендерлік теңдік” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында студенттермен ашық пікірталас ұйымдастырып, жалпы қоғамдағы рөлі талқыланды. Гендерлік дисскриминацияның алдын алу, жалпы адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат беріліп, сауалнама алынды. Тақырып аясында қазақтан шыққан түрлі саладағы атақты әйел тұлғалар жайында интерактивті тапсырмалар көрсетіліп, әлемдік тәжірибедегі теңсіздікпен күрес түрлерінің мысалдары айтылды. Қорытынды ретінде, студенттер аталмыш өзекті мәселеге өз позицияларын білдіріп, ой-тілектерін қалдырды.