АУДАРМА МӘТІНДІ РЕДАКЦИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

24 сәуір, 2024

Сәуір айының 24-ші жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және «TARZHIMAN» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен   «АУДАРМА МӘТІНДІ РЕДАКЦИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара ТДМ 4. Сапалы білім беру аясында және  «Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні» аясында ұйымдастырылды.
 Дөңгелек үстелге елімізге белгілі «STEPPE WORLD» баспасының редактор мамандары Ырысбек Дәбей, Аслан Қуанышұлы, сату менеджері Ғалымжан Оразымбет және қатысты. Редактор мамандар аударма мәтінді редакциялау кезіндегі кейбір тілдік, ұлттық ерекшеліктер  жайын сөз етсе, тәжірибелі менеджер Ғ.Оразымбет баспа ісін ұйымдастыру, авторлармен келісімшарт жасау т.б мәселелермен ой бөлісті. Болашақ аудармашылар мен филологтар өз тарапынан сұрақтар қойды. Дөңгелек үстел модераторы, доцент Л.Мұсалы аударма редакторының аса қиын да жауапты жұмыс екенін, студенттерге болашақта өз мамандығы бойынша жұмысқа тұру үшін практикалық дағдыны дамытудың маңызды екенін атап өтті. Дөңгелек үстелге филология факультеті деканының орынбасары Жайна Сәткенова, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Малика Аймағамбетова, аға оқытушы Рауана Төрехановалар   қатысып, студенттерді өндірістік практикаға жіберу, аударма ісіне жаттықтыру мәселесін қозғады.  Бұл іс-шара барлық қатысушылар үшін пайдалы әрі қызықты болды.

Ұйымдастырушылар: Мұсалы Л., Төреханова Р.