Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша XVI кезекті Республикалық пәндік олимпиадасы

3 мамыр, 2024

2024 жылдың 29-30 сәуірі аралығында Павлодар қ. С.Торайғыров атындағы университетте «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиада 2 турдан тұрады. Олимпиаданың I-турында алдымен «Биохимия», «Генетика», «Биотехнологиялық процесстер мен аппараттар», «Биотехнология негіздері», «Микробиология» пәндерінен тесттік тапсырмалар болды. I-турдың екінші бөлімінде жағдаяттық тапсырмалар берілді.

Олимпиаданың 2-турында «Микробиология», «Клеткалық биотехнология», «Молекулалық биотехнология» дисциплиналары бойынша практикалық тапсырмалар болды.

Олимпиадаға Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің 4-курс студенттері:

Тельман Манира,

Казебекова Жадыра,

Шауалиева Кенжегуль қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте I-ші орынға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің 4-курс студенті Казебекова Жадыра ие болды.

Қазақ Ұлттық университеті командасының топтық есепте де нәтижесі жоғары болып, I орынды иеленді және жеңімпаздардарға арнаулы дипломдар мен сертификаттар табысталды, топ жетекшісі PhD, аға оқытушы Доқтырбай Гулина алғыс хатпен марапатталды.

Жеңіспен оралған олимпиада қатысушыларын биология және биотехнология факультетінің деканы Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы және биотехнология кафедрасының меңгерушісі Қыстаубаева Аида Серікқызы арнайы құттықтап, сыйлықтармен марапаттады.