Жаңа Қазақстандағы реформаларды ілгерілетуге мен қандай үлес қоса аламын?

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 сәуірде өткен *«Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу»* атты ХХХІІІ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының берген тапсырмасын іске асыру үшін *«Жаңа Қазақстандағы реформаларды ілгерілетуге мен қандай үлес қоса аламын?»* тақырыбында 13 маусым күні Журналистика факультетінің #220 Кемел Тоқаев аудиториясында өзге ұлт өкілді профессор-оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Г. СЕРІКБАЙҚЫЗЫ: Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, елдігіміздің тірегі де сол татулық. Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру бәріміздің ортақ мақсатымыз-деді. Аталмыш кафедраның доценттері мен оқытушылары О.Ложникова, Л.Нода, А.Бондарев ел бірлігі, тұрақты даму, заманалы журналистиканы өрістету туралы ойларын ортаға салды. "Бірлік бар жерде, тірлік барын" ұқтырған, тағылымды, тамаша жиын болды.
Басқа жаңалықтар

