«Жаңа Қазақстан» реформаларын ілгерілету: Ел бірлігі мен тұрақтылықтың маңызыFarabi University

«Жаңа Қазақстан» реформаларын ілгерілету: Ел бірлігі мен тұрақтылықтың маңызы

14 маусым, 2024

Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы және журналистика факультетінде өткен дөңгелек үстел

2025 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. Сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды ілгерілету мақсатында нақты тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмаларды іске асыру үшін 2025 жылдың 13 маусымында Журналистика факультетінің 220 аудиториясында Кемел Тоқаев аудиториясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге факультеттегі өзге ұлт өкілді профессор-оқытушылары қатысты.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлназ Серікбайқызы: «Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, ал елдігіміздің тірегі – татулық. Отанымыз, Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру – бәріміздің ортақ мақсатымыз», – деп атап өтті.

Аталмыш кафедраның доценттері мен оқытушылары Ольга Ложникова, Лаура Нода және Александр Бондарев ел бірлігі, тұрақты даму және заманауи журналистиканы дамыту жайында өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген ұғымды терең ұғынған қатысушылар тағылымды әрі әсерлі пікірлер білдірді. Жиын өте тағылымды әрі мазмұнды болды.