Дулат Исабековтің әсемдік әлемі

15 шілде, 2024

Көркем шығарманың құнарлылығы оқырман мейірін қандырумен шектелмесе керек. Суреткер адам әлемінің бар болмысын байқайтын қабілетке ие болуы шарт, оның ішкі жан дүниесінің өзегіндегі өзгеріс атаулыдан өзгеше түйін түйіп, сарабдал шығарма тудыруы үшін жоғары интеллект, сезімтал психолог, пайымды парасат иесі болу да маңызды һәм қажет. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің танымал түлегі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақтың көрнекті қаламгері Дулат Исабеков шығармаларының шынайылығы мен көркемдік деңгейінің кемелдікке жетуі, біздіңше, аталған жайттардың көрініс табуынан дер едік. 

Дулат Исабековтің қай шы­ғар­­масында болсын ұлты­мыз­дың бастан өткерген өткен дә­уі­рі, бүгінгі тіршілік жолындағы қам-қаракеті қапысыз су­рет­теліп, қаламгердің оқыр­ман­ның мейірін қандырар қанық тілі, өзіндік ойлау жүйесі, су­рет­керлік шеберлігі арқылы әде­мі өрнектеліп, кезең шын­дығы көркемдік шешім нәти­же­сінде ерекше түрге еніп, су­рет­шінің алуан реңкті бояуы ар­қылы өмір, уақыт керуенін ай­на-қатесіз қағазға түсірген кар­тинасындай жүректе жат­та­лып, санаңда бекитіні анық.

Қаламгер қоғамдағы сан қат­парлы мәселелерді жіті аң­ғарып, ой сүзгісінен өткізіп, адам өміріндегі мәнді-мәнсіз құбылыстарды елеп-екшеп, көркем шығармаларына ар­қау етеді, кейіпкерлерінің ой-та­ны­мына, парасат деңгейіне, бол­мыс-бітіміне лайықтап сұ­рып­тай­ды, дарыта біледі. Тір­шіліктен туындайтын түйт­кілді, өмірдің өзі ұсынған қым-қуыт асу-белестерді шеберлікпен суреттеп, туындыларын өмір­дің өзінен көшіргендей оқыр­ман­ға ұсынуы Исабеков әле­мі­нің боямасыз шынайылығын, сөз өнеріне кіршіксіз адал­ды­ғын танытады.

Қаламгердің қазақ проза­сы­на қосқан сүбелі үлесін біле­міз, қадау-қадау туын­ды­ла­ры­мен таныспыз. Қаламының бү­рі бар жазушы болатынын сту­дент кезден байқата бас­та­ғ­анын аңғарамыз. Жазушының айтуынша, университеттің 2-курсында оқып жүргенде «Жолда» деген тұңғыш әңгімесі «Замандастар» жинағына жа­рия­ланса, 4-курста «Шойын­құлақ» әңгімесі «Лениншіл жас» газетіне басылып, әдеби ор­таны елең еткізеді, ал 5-курста оқып жүргенде «Бекет» деген атпен кітабы шыққан екен. Әдебиетке келген «алпысыншы жылғылар» атанған үркердей топтың осалы жоқ-ты. Сол топ­тың алдыңғы легінен орын ала­тын Исабековтің «Дермене», «Сүйекші», «Тіршілік», «Бекет», «Гауһартас», «Ай-Петри ақи­қаты», «Ескерткіш», «Тыныштық күзетшісі» т.б. туындылары тек ұлт әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдеби кеңістікте өз орнын алып үлгергені ақиқат. Қаза прозасында өзіндік орны, дара стилі, сара жолы бар қаламгердің толайым табысы – ұлт игілігі.

Жазушының повестері өмір құбылыстарын, кезең шын­ды­ғын игерудегі ізденістерімен қуантады. Қарапайым адам­дар­дың қатал тағдыры, бей­күнә жандардың беймаза тір­шілігі, қазақи танымның за­мана тәлкегіне түскен та­лай­лы қарекеті, оны қоғам, ол қо­ғамды жатсынған, бірақ «ай­қай­ламайтын», үнсіз, бірақ мұң­сыз емес қаһармандар га­лереясы, міне – осының бәрі Дулат Исабеков шығар­ма­ла­ры­ның негізгі арқауына ай­нал­ған. Кіші адамдардың үлкен тағ­дырына қоғамды алаң­да­та­ды, қаһарманның ішкі жан әле­міне үңілдіреді. Бірде баяу, ақы­рын, бірде ағынды, тол­қын­ды өмір арнасындағы өзіндік соқпағын тауып, еншісін алып үлгерген, енді бірі жүрісінен жаңылып, сүрлеуінен адасқан жолаушыдай дағдарған қал­пын шынайы бейнелейді, оқыр­­ман сенеді, автордың де­ге­ніне «көнеді». Сендіретін – қа­лам құдіреті, «көндіретін» – автор ұстанымы. Суреткерлік пен шеберлік тоғысынан та­лант туындаса, талант тұғырлы туындыға жол бастайды. Ол тұтас шығарма болмысынан көрінбек: мұнда не жоқ дейсіз – палитраға бай пейзаж, тұнық полотнодай тұнған психо­ло­гия­лық портрет, ойлы образ, ұлт­т­ық қасиетті бойына сі­ңірген характер, мінсіз мекен-шақты (уақыт пен кеңістікті) меңгерген үйлесімділік, ұлттық мінез бен кестелі тіл, сюжет құрудағы сарабдалдық, ком­по­зиция түзудегі дирижерлік қабілет. Осынау болмысты қаламгер қаламына тән қазақы қалжың, шынайылық пен сыр­шыл лиризм көмкерсе, шы­рай­лы шығарма оқырман санасын «төңкереді». Санадағы төң­ке­ріс саналы оқырман зейінін ашып, жан сарайын тазартпақ. Сана тазарса қоғам ізгілене тү­седі, қоғам тазарса адам ғұ­мырының сәулелі тұстары көбеймек. Қаламға серт бер­ген қаламгердің көркемдік құ­пия­сының сыры осында, біз­діңше.

«Гауһартас» повесінде ке­ңес­тік қоғамдағы өмір көрі­ніс­тері суреттелгенмен, ұлттық құндылықтардың құнарлы­лы­ғы, автор танымындағы қазақ қызының қылығы мен іс-әре­ке­ті қоғамды ізгілендіруге бағыт­тал­ғаны, биязы мінез бен қа­рапайым болмысынан тек қа­заққа ғана тән қасиеттей кө­рінгенімен, адамзатты гу­ма­нистік көзқарасқа жетелейтін кө­рінбес желі, арқау жатқандай әсерге бөлейді. Қазақ повес­те­ріндегі сан қилы қыздың образы жасалғаны күмәнсіз, бірақ Салтанат бейнесі оқыр­ман­ның ойынан шық­пай­тын­дай бедерленген. Қазіргі қо­ғам­да­ғы қылықты қыздың, сұлу, ән­ші, ақылды келін­шек­тің сим­волына ай­налуы­ның сы­ры – ұлттық колоритке, мі­незге, характерге бай, сай сом­далғанында. Характер сом­дауда жазушы табан ті­рейтін тірек: ол – ұлттық мен­та­литет, қазақы таным, бояу­лар тоғысы. Жалпы, Иса­бековтің әсемдік әлемінің жар­қырай, ажарлы кейіпте кө­рі­нуінің бір себебі – ол жасаған қа­зақ әйелінің сан алуан бей­не­сінің түп-төркіні ананы ардақ­тауға, аялауға, қас­тер­леу­ге алып келеді. Бұл жерде ол сомдаған бейнелердің та­ри­хи тұлға, танымал қайраткер бо­луы шарт емес, қай-қайсысы болсын ізгіліктің бастауы, сұ­лулықтың символы, ауылдың еңбек торысы – әйел-ана деген авторлық ұстанымға, қалам­гер­лік шешімге алып келеді.

Қаламгер қоғамдағы сан қат­парлы мәселелерді жіті аң­ғарып, ой сүзгісінен өткізіп, адам өміріндегі мәнді-мәнсіз құбылыстарды елеп-екшеп, көркем шығармаларына ар­қау етеді, кейіпкерлерінің ой-та­ны­мына, парасат деңгейіне, бол­мыс-бітіміне лайықтап сұ­рып­тай­ды, дарыта біледі. Тір­шіліктен туындайтын түйт­кілді, өмірдің өзі ұсынған қым-қуыт асу-белестерді шеберлікпен суреттеп, туындыларын өмір­дің өзінен көшіргендей оқыр­ман­ға ұсынуы Исабеков әле­мі­нің боямасыз шынайылығын, сөз өнеріне кіршіксіз адал­ды­ғын танытады.

Қазақтың қайыстай қара кемпірі Қыжымкүлден әлемнің патшайымы Бөртеге дейінгі аралықтағы аналар галереясы бірде қарапайымдылығымен, бір­де сабырлығымен, енді бір­де асқақтығымен айрықша­ла­нып, қазақ әйелі дейтін бір­тұ­тас ұғымға айналып, бүтін бітім құрайды. Әрбір ана бейнесі ас­қақ, мінезі дара, қалпы қа­зақы, әлемі әдемі, жан дүниесі терең. Исабеков сомдаған әйел-ана бейнелерінің жиын­тық атауы, ол – ару, сұлу, аяулы қазақ қызы, дара, сара, дана қазақ әйелі. Құдірет тұнған, кие қонған, қасиет дарыған қа­зақ анасы.

Дулат Исабеков «Тіршілік» повесінде қарапайым қазақ ауылының қарапайым тұрғын­да­рының тіршілігі шебер су­рет­теліп, олардың іс-әрекетін, қарекет-тірлігіндегі небір жағ­дай­ларды дөп басып танып, асқан көркемдікпен ашып көр­сетеді. Адамның жан сырын, құпия-қалтарысын, жүрегіңді елжіретіп, тұла бойыңды шы­мыр­латар тәлкекті тағдырын әр алуан сәттегі ситуациялық қалыпта сомдап, «өмір – тір­ші­лік үшін күрес» дейтін қағиданы әр кейіпкердің өз әлінше ат­қа­рып жүргенін сергек көңілмен суреттеп, оқырманына сезім­тал­дықпен жеткізеді.

Дулат ағамыз аталған по­ве­сінде ұлттық болмысты, мі­нез­ді бейнелеуде өзіндік ерек­ше­лік­терімен көрініп, кейіпкер характерін ашуда пейзаж, мо­нолог, диалог, психо­ло­гия­лық параллелизм, деталь, үнсіздік, жатсыну, хат жазу т.б. көркемдік құралдарды сәтті пайдаланып, әсіресе Молдарәсіл-Кие­ван­ның, Қыжымкүлдің, Қымқа әйел­дің ішкі жан әлемін бей­нелеуде өзгеше ізденістерімен та­нылады. Әсіресе қазақ әйе­лінің сан түрлі бейнесін сом­да­ған қаламгердің бұл повесінде Қыжымкүл бейнесі де өзінің даралығымен, қажымас қайра­ты­мен дараланып, бар уақиға сол кейіпкердің маңайынан та­рай­ды. Тағдырдың салған тезі мойыта алмаған кейуананың қым-қуыт тірлік-тіршілігі оқыр­ма­нын таңдандырып қана қоймайды, бес күндік тірліктің бе­рері не, керегі не дейтін адам­заттық сауалдарды пәл­са­палық тұрғыдан ойлануға һәм ойлантуға алып келеді. Қыжымкүл күрделі һәм жұмбақ тұлғасымен кесек көрінеді, көнбіс әрі мейірбан қалпымен дара тұр. Жазушы суреттеуінде өмір тауқыметінің қандайы болса да қаймықпай, қасқайып тұрар, қамықпай, еңсесін тік ұстар қазақ әйелінің, анасының шынайы болмысы, шын қалпы таспен қашалғандай мығым, бояумен салынғандай ажарлы, мәрмәрдан соғылғандай мыз­ғы­мас болып шыққан. Ар, ұят, ұждан, ынсап, қанағат дейтін ұғым­дар айтуға оңай көрін­генмен, салмағы зілмауыр, атанға жүк боларлық бат­пан­дай ауыр, қорғасындай сал­мақ­ты һәм киелі, құдіретті жүк. Осынау қасиеттердің қазақ әйелінің бойынан табылып жатуы қаламгер повесінен менмұндалап тұрғанын анық аңғарсақ та, жақсы мен жа­ман­ның қабаттасып, қосам­жар­ланып жүруі де көңілге кірбің ұялатқанымен, тұрлаусыз тір­шілікте кездеспей қоймай­ты­нына кейіпкерлер тағдыры ар­қы­лы, тыныс-тіршілігі арқылы көзіңді жеткізіп, өзіңді илан­ды­рады.

Біздіңше, адам өмірінің күн­гейі мен көлеңкелі тұсын қа­бат алып, қатар суреттеу ар­қылы оқырманын шын өмірдің, боя­масыз тіршіліктің, пәни жал­ған­ның парқын түсінуге же­те­лейтін Дулат Исабеков шы­ғар­малары осынысымен шы­­найы, осындай түйінімен құ­нарлы.

Шоқан ШОРТАНБАЙ,

ҚазҰУ-дың аға оқытушысы