Картография және геоинформатика кафедрасының 1-курс студенттерінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасымен танысуыFarabi University

Картография және геоинформатика кафедрасының 1-курс студенттерінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасымен танысуы

27 тамыз, 2024

    2024-2025 оқу жылына бағыт-бағдар беру аптасының аясында, тамыздың 27-сі күні «Картография және геодезия», «Геоинформатика», «Табиғи-техногендік қауіп қатер» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттерінің әл-Фараби кітапханасымен танысуы өтті. Танысу барысында студенттер кітапхананың құрылымы мен ақпараттық қорларды дұрыс пайдалану жайында көптеген пайдалы ақпаратқа қол жеткізді. Сонымен қатар,  абонементтер бөлімінде кітапты алудың негіздеріне тоқталды. Классикалық және электрондық оқу залдарымен танысып, кітапханадағы этикалық нормалар мен жүріп-тұру үрдісі жайында қызметкерлерден қысқа түсіндірме тыңдалды.

    Әбу насыр әл-Фарабидің өмірі, ғылым мен білімдегі ізденістерін студенттер кітапхана мұражайында 3D технологияларының көмегімен бақылап, жаңа ақпаратқа ие болды.

     Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен.

    Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады.

      Әл-Фараби кітапханасымен танысу аясында студенттер қызығушылық танытып, көптеген сұрақтарына жауап алды.