ҚазҰУ-да Thomson Reuters-пен бірлескен семинар өтті
29 қазан ғылым және инновациялық қызмет бойынша Департамент Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі Thomson Reuters ресми өкілі Дария Бухтоярованың «Web of Science платформасындағы халықаралық конференцияларды таңдау» және «EndNote Online арқылы мақалаларды басылымға рәсімдеу» атты семинарын ұйымдастырды.
Семинарға Университеттің оқытушы-профессорлық құрамымен қатар ҚазҰУ-да біріктірілген «Ғылым Ордасы» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері де қатысты. Семинардың алғашқы бөлімі Web of Science мәліметтер базасында тіркелген жинақтары бар конференцияларды іздеу тақырыбына арналды. Дария Бухтоярова Web of Science платформасындағы конференция жинағына кіру талаптары мен конференциялардың импакт-факторы бар болуы жайлы айтты.
Айта кететін жайт, Университеттің оқытушы-профессорлық құрамының халықаралық рейтингті конференцияларда қатысуы отандық ғалымдардың әлемнің ғылыми кеңістігіне интернационалдануы және интеграциялануы болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта жинақ халықаралық мәліметтер базасына енеді деп ғалымдарды шатастыратын алаяқ конференция ұйымдастырушылары көптеп кездесуде. Осы себепті, семинардың алғашқы бөлімі осы өзекті мәселені шешуге және «фейк» конференциялардан сақ болуға арналды.
Екінші бөлімінде, Дария Бухтоярова ғылыми мақаланы өңдеу бойынша EndNote Online сервисінің мүмкіндектері туралы баяндады. Осы сервистің басты қызметтерінің бірі рейтингті журналдарға жарияланымға дайындалған кез-келген ғылыми жұмыстың түріне библиографиялық тізімді оңай құрып беру сөз болды.
Семинардың маңызды бөлімі Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі Thomson Reuters ресми өкілі Дария Бухтояроваға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарын жарияланым белсендігін жоғарлату бағытындағы ақпарттық қолдауға үлкен үлес қосқаны үшін Университет жетекшілігінің атынан алғыс хат ұсынуы болды.
Университет және Thomson Reuters компаниясы арақатынасы ұзақ мерзімді және өзара тиімділік негізінде құрылып, жалғасын табуда. Осылайша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Thomson Reuters агенттігінің «2011жылғы ғылым саласындағы үздік жетістіктері үшін» атты арнайы дипломымен марапатталған Қазақстан Республикасы білім жүйесіндегі алғашқы жоғары оқу орны болып табылады. Университетте 2015 жылы Дария Бухтояровамен тығыз қарым-қатынаста болу арқылы «Импакт-факторы бар журналдарда ғылыми мақаларды жариялауға байланысты әдістемелік ұсыныстар» қазақ және орыс тілдерінде басылымға шықты.