АЭС САЛУ - ЕЛ ӨМІРІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМFarabi University

АЭС САЛУ - ЕЛ ӨМІРІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

26 қыркүйек, 2024


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында атом электр станциясын салу қажеттілігі туралы мәселені қозғап, бұл мәселені жалпыұлттық референдум өткізу арқылы шешуді ұсынып: "Атом электр станциясын салу немесе салудан бас тарту-еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе екендігін", - атап өтті. Сондай-ақ, Президент мәселенің қарама-қайшылығына қарамастан, атом энергетикасын дамыту Қазақстан азаматтарының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өте маңызды екенін де ескерді. Әрине, Қазақстан уран өндіру бойынша әлем елдері арасында көшбасшы болып табылады, ол станциялар үшін отын өндіруге негіз болады. Бірақ, Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы, әсіресе елдің оңтүстігінде сезіле бастады. Сондай-ақ, 2030 жылға қарай Қазақстан электр энергиясының орасан зор тапшылығын бастан кешіре бастайды деген болжамдарға назар аударылады, бұл ресми деректер бойынша қолда бар қуаттармен қамтылмайды. Мемлекет басшысы "Біз еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ туралы ойлауымыз керек. Ол ел өмірі үшін маңызды әрбір қадамды "халықтың қолдауымен" жүргізілу керектігін айтты.
Жалпыұлттық референдумның қорытындысы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өтеді, бұл атом энергетикасын қолдаушылар мен қарсыластардың дау-дамайына нүкте қояды.
 
Куандыкова Э.С. - Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы