Экономика

9 қараша, 2015

ҚАЗҰУ – БҰҰ-НЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның халықаралық хабына айналып, әлемнің үздік жоғары технологиялық 50 университеті қатарына қосылды.

Сондықтан да болар, БҰҰ-ның Нью-Йорктағы Штаб- пәтерінде білім мен ғылымның тұрақты дамуына байланысты өткен әлеуметтік отырыстың салтанатты ашылу рәсімін ҚазҰУ отандық жоғары оқу орны өткізді.«START» академиялық ықпалдылық бағдарламасының іске қосылуына орай БҰҰ-ның Штаб пәтерінде өткен халықаралық форум Қазақстаннан берілген тікелей видео-трансляциядан басталды. Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалым Мұтанов тұрақты даму бойынша ұйымдастырылған жобада бірінші болып сөз сөйледі. Бүгінгі таңда икемділік пен технологияның даму маңыздылығын атап, БҰҰ-ның тұрақты даму бағдарламасына, оның ішінде, БҰҰ-ның Бас ассамблеясы қабылдаған «Әлемнің жандануы: 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың күн тәртібі» құжатына баса назар аударды.

БҰҰ-ның халықаралық хабы, ЮНЕСКО-ның тұрақты даму бойынша аймақтық хабы саналатын ҚазҰУ-дың тәжірибесін Стэнфорд, Кэмбридж, Оксфорд универ ситеттері, Сингапурдың ұлттық институты секілді 30-дан аса әлемнің көшбасшы жоғары оқу орындарының басшылары зерттеп жатыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев атап өткендей, «START» аббревиатурасы ағылшын тілінен аударғанда ғылым, қабілет пен технологиялар әлемді тез өзгертеді деген мағына береді. Пан Ги Мунның бастамасымен құрылған академиялық ықпалдылық бағдарламасы БҰҰ қарастыратын өзекті мәселелерді шешу үшін университеттердің зияткерлік мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Осыған орай, әлемнің үздік жоғары оқу орындары Қазақстанға ерекше назар аударуда. Себебі, БҰҰ сарап-шылары мен ғылыми әлем дәл біздің елде инновациялық дамудың жоғары технологиялық мүмкіндіктерін ашуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әріптестіктің халықаралық деңгейіне көтеріліп, сол арқылы барлық қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағылшын тілінде білім беретін «Тұрақты даму» магистрлік бағдарламасы ашылды. Бағдарламаның негізгі серіктесі Колумбиялық Нью-Йорк университеті. Алдағы уақытта жаңа технологиялармен және ғылыми зерттеу жұ мыстарымен Еуразиялық орталық ашу жоспарда бар.