«Қазақстан 2024 жылдың жабайы табиғат фотографы» академиясының түлектері – жасөспірімдердің фотосурет жұмыстарының көрмесіFarabi University

«Қазақстан 2024 жылдың жабайы табиғат фотографы» академиясының түлектері – жасөспірімдердің фотосурет жұмыстарының көрмесі

1 қазан, 2024

Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, қаумдыстырылған  профессор Усатаева Г.М. Бас ботаникалық бақта «Қазақстан 2024 жылдың жабайы табиғат фотографы» академиясының түлектері – жасөспірімдердің фотосурет жұмыстарының көрмесінің ашылуына шақырылды. Биылғы жазда 15-17 жас аралығындағы 18 қазақ жасөспірімі әлемге әйгілі фотограф және натуралист Клаус Ниггеден дәріс алды. Көрмеде олардың жабайы табиғат фотосуретіндегі алғашқы жұмыстары көрсетілді. Барлық фотосуреттер Алматыда және жақын орналасқан жерлерде – Қимасар шатқалы мен Сорбұлақ көлінде түсірілген. «Қазақстан 2024 жылдың жабайы табиғат фотографы» – Лондонның табиғи тарих мұражайының Британ кеңесі және Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорымен бірлесіп жасаған жобасы. «Қазақстан 2024 жылдың жабайы табиғат фотографы» академиясының мақсаты – жасөспірімдерді жабайы табиғатты суретке түсіруге этикалық көзқарасқа, қоршаған ортаны қорғауға және фотосурет негіздеріне үйрету. Көрменің ашылу салтанатына Британ кеңесінің Қазақстандағы директоры Роберт Тейлор, Табиғат тарихы мұражайының қоғамдық бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Александра Берч, National Geographic фотографы Клаус Нигге, «Қазақстан 2024 жылдың жабайы табиғат фотографының» менеджері Джемма Уорд қатысты. Көрменің ашылу салтанатынан кейін Усатаев Г.М. ұйымдастырушылармен және қатысушылармен табиғатқа этикалық қатынас және биоэтика мәселелері талқыланды.