Гендерлік теңдік туралы білу маңызды

6 мамыр, 2024

Педагогикалық практика – базалық пән­дер цикліндегі жо­ғары оқу орны компо­нен­тінің бір бөлігі. Магис­трант пен докто­рант­тың білім беру жос­парына сәйкес мең­герген ғылыми-теория­лық білімі мен прак­тикалық дағды­ла­рын сабақ беруде қол­да­нуға машықтайтын бірден-бір құрал. 

Кәсіби қызметтің міндетін те­рең түсінуге және оны орын­дау мақсатын айқындауға жол ашады. Сонымен қатар сту­дент­тер кәсіби әрі білікті ма­ман атану жолында өзіндік ұс­та­нымын қалыптастырып, тәжі­рибелерін дамытуда, шикі тұстарын анықтап, онымен жұмыс жасауда едәуір жетіс­тік­ке қол жеткізе алады. 
Химия және химиялық тех­но­логия факультетінде PhD док­торанттар педагогикалық практиканы өту барысында кәсіби дағдыларын қалып­тас­ты­руға бағытталған сабақ түр­лерін жүргізумен қатар, тәр­бие­лік іс-шаралар ұйым­дастырады. Бұл практика ба­рысында білім алушыны ма­ман ретінде ұжыммен бірге жұмыс істеуге үйретіп, қарым-қа­ты­нас психологиясын меңгеру ар­қылы ой-өрісін кеңейте тү­седі. Практика барысында ма­гис­трант студенттердің жеке ерекшеліктерін және дайын­дық дәрежесін ескеріп, педа­го­гикалық этика нормасына сәй­кес жұмыс атқаруға дағ­ды­ла­нады. 
Осыған байланысты Фи­зи­калық химия, катализ және мұ­най­химия кафедрасының док­то­ранты Б.Кенжеев «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйел­дер мен қыздардың құ­қық­тары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты Тұрақты даму мақсаттарының №5 бағытына орай, дөңгелек үстел өткізді. Дөң­гелек үстел аясында ген­дер­лік теңдік, гендерлік сая­сат және отбасылық қағи­да­ның негізгі міндеттері ай­тылып, айқын мысалдар тал­қыланды. 

Рауия ЫСҚАҚОВА, 
Назым СМАҒҰЛОВА,
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценттері