Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрына бару

«Тұрақты қала мен елді мекен» Тұрақты даму мақсаттарына орай, қаламыздағы мәдени орындармен толықтай таныстыру мақсатында 2024 жылдың 3-қазанында «медицина және денсаулық сақтау» факультетінің 200 студенттері аға куратор-эдвайзерлер Г.А. Арынова, Ж.Т. Серикбаева және барлық мамандықтың куратор-эдвайзерлері топтарымен бірге Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрына барып, Дулат Исабековтың шығармасы «Әпке» атты спектакльді тамашалады. «Әпке» драмасы қоғамның, адам санасының өзгерісін, оның ұлттық құндылықтарға тигізіп жатқан ықпалын ашып көрсетеді. Ата-анасынан ерте жетім қалған балалардың тұрмыс-жағдайы, танымы, түсінігі және олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, бауырлар арасындағы шиеленісті жағдай арқылы жалпы қоғам болмысын, адами парыз бен борышты ұғындыратын, жастарға терең ой туғызатын сахналық қойылым.
Шынайы өмірдегі жарқын оқиғаларға толы шығарманы барлық студенттер бар зейіндерімен көрді. Студенттер «Театрға үнемі келіп тұру қажет екен»,- деп қызығушылық танытты. Студенттерді мәдени орындарға, театрға тұрақты түрде апаруда жеке тұлға мәдениетінің қалыптасуында көмегі тиетіні сөзсіз.
Басқа жаңалықтар


