«25-қазан - Республика күні, ұлттық мереке»Farabi University

«25-қазан - Республика күні, ұлттық мереке»

23 қазан, 2024

23.10.2024 жылы сағат 18.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №14 жатақханасында медицина және денсаулық сақтау факультеті ұжымының ұйымдастыруымен  «25-қазан - Республика күні, ұлттық мереке» күніне орай арнайы мерекелік шара өтті. Студенттердің қатысуымен ән-күй орындалды. Шара барасында профессор-оқытушыларының ұйымдастыруымен ұлттық тағамды дәріптеу мақсатында жатақхана тұрғындарына «Бауырсақ пати» өткізілді. Студенттерге сұрақ-жауап конкурсы ұйымдастырлып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар таратылды. Бұл шараның негізгі мақсаты: студенттердің ұлттық құндылықтар туралы түсініктерін нығайту, студенттерді Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.