
«25 қазан – Республика күні» атты іс-шара студенттерге тәуелсіз Қазақстанның тарихын тереңірек түсінуге және ұлттық сана-сезімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Іс-шараның өтуі барысында студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде байқалды. Бұл мереке студенттердің елін мақтан тұтуға, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге және патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту, тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау және жастардың патриоттық сезімін дамыту. Студенттерге Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи оқиғаларды еске салып, қазіргі уақытта еліміздің жетістіктері мен болашағы үшін маңызды рөл атқаратын құндылықтар туралы түсінік беру.
Басқа жаңалықтар


