«Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар»Farabi University

«Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар»

24 қазан, 2024

2024 жылдың 24 қазанында заң ғылымдарының кандидаты, доцент, «Мемлекет және құқық теориялары мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедра меңгерушісі Усеинова К.Р.  ұйымдастыруымен, заң факультетінің 112, 124, 208 куратор-эдвайзерлік топтарымен бірге Республика күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара ТДМ 16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» аясында өтті, онда қатысушылар құқықтық институттардың тұрақты дамуы мен қоғамдағы тыныштықты сақтаудың маңыздылығын талқылады.

Іс-шара аясында сондай-ақ Республиканың қалыптасуының тарихи және құқықтық аспектілері және осы мерекенің мемлекет пен қоғамның дамуы үшін маңызы талқыланды.

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы