- Басты бет
- Жаңалықтар
- «6В05205-География» мамандығының 1 курс студенттерімен «Баламалы энергия көздерінің қазіргі күйі» тақырыбында ашық сабақ өтті
«6В05205-География» мамандығының 1 курс студенттерімен «Баламалы энергия көздерінің қазіргі күйі» тақырыбында ашық сабақ өтті

2024 жылдың 26 қазан күні География және жерге орналастыру, кадастр кафедрасының оқытушысы Н.Ә. Құрбанқожа «6В05205-География» мамандығының 1 курс студенттерімен «Баламалы энергия көздерінің қазіргі күйі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 7-мақсаты аясында өтті.
Баламалы энергетика тізімін күн, су, жел, биогаз қуаты толықтырады. Заманауи жаңа энергия көздерінің артықшылығы мен кемшіл тұстары студенттермен талқыланды.
Баламалы энергия елдерге өз экономикасын әртараптандыруға және оны қазба отындары бағасының болжанбайтын ауытқуларынан қорғауға мүмкіндік беретін және сонымен бірге инклюзивті экономикалық өсуді, жаңа жұмыс орындарын құруды және энергия көздерінің импортқа тәуелділіктен шығуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған альтернативті жаңа энергия түрлерін тұтас актив қолданысқа кіріктіру - адамзат алдындағы абыройлы міндет, ұрпақ алдындағы борыш.
Басқа жаңалықтар


