LEGALTECH - ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНДУСТРИЯНЫ ӨЗГЕРТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАРFarabi University

LEGALTECH - ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНДУСТРИЯНЫ ӨЗГЕРТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

8 қазан, 2024

08.10.2024 ж. кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы Т. А. Альменбетова "Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым" ТДМ 9 мақсаты аясында "ILF A&A" халықаралық заң фирмасының заңгерлерімен бірлесіп LegalTech болашағына арналған дөңгелек үстел өткізді. Бұл дөңгелек үстелде технологияның инновациялық және тиімді құқықтық шешімдерді дамытуға көмектесу арқылы құқықтық саланы қалай өзгертетінін және Legaltech процестерді жеделдетуге, құқықтық операцияларды жеңілдетуге және бизнес пен қоғам үшін әділеттілікке қол жеткізуді жақсартуға қалай ықпал ететіндігі талқыланды. Legaltech-ті тұрақты инфрақұрылым мен өнеркәсіптік дамуды қолдауда қолданудың практикалық мысалдары ұсынылды.