
Бейбіт, әділ және инклюзивті қоғам құру Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Барлық жерде адамдар зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорықпай, этникалық, діни немесе жыныстық бағдарына қарамастан өз өмірлерін қауіпсіз сезінуі керек. Қойылған мақсаттарға жету үшін сапалы білім мен денсаулық сақтауды, әділ экономикалық саясатты және қоршаған ортаны инклюзивті қорғауды қамтамасыз ете алатын тиімді және бірлескен қоғамдық институттар қажет.
Осындай мақсаттараға қол жеткізудің бір шарасы ретінде 10.10.2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Студенттік заң клиникасы жұмысы аясында Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Қ.М.Қожабек құқықтық кеңес беру іс-шарасын өткізді. Құқықтық кеңес беру БҰҰ-ның ТДМ-ның 16 бағыты бойынша өтті. Тегін құқықтық кеңес университетттің техникалық қызметкерлеріне көрсетілді. Кездесу барысында оларға жер, тұрғын үй, экологиялық, отбасылық құқық салалары бойынша кеңестер берілді.