- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қаржы» ББ-ның 4 курс студенттері “Түркі халықтарының үздік студенті” атты халықаралық байқауына қатысты
«Қаржы» ББ-ның 4 курс студенттері “Түркі халықтарының үздік студенті” атты халықаралық байқауына қатысты

Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты «Сапалы білім беру» және 17-ші мақсаты «Тұрақты даму үшін серіктестікке» сәйкес Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Супугалиева Гулназым Ислямовнаның жетекшілігімен «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары: Еркін Жұлдыз, Жақсылық Диана, Курбанова Сабина, Ордалы Амина 2024 жылы 23 қазан күні Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай өткен, «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» халықаралық байқауында өз білімдерін шыңдап, жасаған баяндамасы халықаралық деңгейде жүлделі 1 орынға ие болды. Қатысқан 4 білім алушы төсбелгі және куәлікпен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Г.И. Супугалиеваға I дәрежелі диплом мен алғыс хат табысталды.
Басқа жаңалықтар

