Заңның үстемдігіFarabi University

Заңның үстемдігі

28 қазан, 2024

ТДМ 16: "Әлем, әділеттілік және тиімді институттар" және ТДМ 17: «Тұрақты дамудағы жаһандық әріптестік» мақсаттарына сай ұйымдастырылды мақсаттарына қол жеткізуде 2024 жылдың 23 қазанында Экономика кафедрасы Қазақстан Республикасының мерекесі – 25 қазан Республика күніне арналған іс-шара өткізді. Егемендіктің баянды болуы мемлекеттің жүргізіп отырған саясатымен тығыз байланысты. Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, заң ғылымарының кандидаты Қазыбек Дауталиев Экономика және бизнес факультетінің студенттерімен өткен кездесуде мемлекеттің қәзіргі таңда жүргізіп отырған экологиялық және құқықтық саясатына тоқталды. Атап айтар болсақ Президент Қ.К.Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында Жаңа қоғамның этикасын ұсынды. 6 түрлі құндылықты атап өтіп, қоғамды артқа тартып отырған 9 түрлі әлеуметтік кеселге назар аударды. Осы айтылғандарды тарқата келе, Қ.Дауталиев 4 түрлі мәдениетті қалыптастыру қәзіргі таңда өзекті екендігін атап көрсетті: 1) зорлыққа қарсы мәдеиет 2) еңбек мәдеиеті 3) экологиялық мәдениет 4) қоғамдық орын мәдениеті. Қазақстан халқы азаматтық есею жолындағы жас ұлт. Сондықтан басты назарда қоғам құру ісі болып отыр.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: аға оқытушы Тұраров Д.Р., аға оқытушы Иляшова Г.К., аға оқытушы Кулиев И.У.